ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ТУҒАН КҮН!

Құттықтаймыз
1 276 Views

Шыршық қаласының тұрғыны, «Махаm-Чирчик» акционерлік қоғамы жөндеу-механикалық цехының бас бухгалтері Фатима Жоспарқызы ҚАНАЕВА асқаралы алпыс жасқа толып отыр. Оны осы айтулы дөңгелек датасымен шын жүректен құттықтаймыз! Мерейтой иесіне ұзақ та бақытты ғұмыр, зор денсаулық, толағай табыс тілеп, мына жыр шумақтарын тарту еткіміз келеді:

Жолығып ең өмірімнің күзінде,

Жүргенімде мұңға батып үзіле.

Бақыт сыйлап, шаттық сыйлап жаныма,

Жүгірткенсің нұрлы сәуле жүзіме.

Жаның таза, арың адал, білемін,

Мейірімнен жаралған ғой жүрегің.

Ойлайтының Отан жайы, үй жайы,

Сол себепті алаңдамай жүремін.

Мөлдірлікті сезем сенің көзіңнен,

Бақыттымын жаным сәулем, өзіңмен.

Махаббат пен шапағатқа бөлейтін,

Айналайын айтқан әрбір сөзіңнен.

Бостандықта туылғанбыз екеуміз,

Қол ұстасып мәңгі бірге өтерміз.

Иман менен ибалықты ту етіп,

Бақытқа да, табысқа да жетерміз.

Қарлығаштай қызымыз бар көрікті,

Ержан сынды тапқан өзіне серікті.

Айданамыз балдан тәтті немере,

Жіберетін жұмсартып бар ерікті.

Асыл анаң, бауырларың қасыңда,

Жаным сәулем, ешқашанда жасыма.

Құтты болсын, құтты болсын, туған күн,

Жас қосылып тағы алпыс жасыңа!

Ақ ниетпен, жан жары Әбдісаттар, қызы Қарлығаш, күйеу баласы Ержан, немересі Айдана.

Бұл ізгі тілекке әпке-жездесі Гүлзахира – Талғат, достары Мамлакат – Сұлтан, Гүлбаршын – Әбутәліп те қосылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *