ПЕРЗЕНТ ЖЫРЫ

Қоғам
1 441 Views

Көңіл көгіне байланып санам,

Өзіңді сағынып еске алам анам.

Қаланың сансыз күйбең тірлігі

Жат көрінді тұрлаусыз маған.

Алданып өмір елесіне біз,

Өзіңмен, Ана, сырым да егіз.

Жанұшыра сағынған сәтте

Сен кеме болсаң, боламын теңіз.

Уақыттың табы жүзіңе салған

Әжімде бар-ау үлесім алған.

Кір шалмас арым, нарымсың, Ана,

Бет бұрмас мынау тірлікке жалған.

Ақтарылса жүректен лебіз,

Баланың ізгі көңілі деңіз.

Ерлік пенен өрлікті біз

Тек Сізден, Ана, үйренеміз!

Анашым менің айбыным асқақ,

Жақсылық көрші қалмашы жасқап.

Сарыны бөлек ғұмырда жүрші

Ақылшым болып жолымды нұсқап.

Тағдырың салса жүзіңе әжім,

Бақытты болшы, болмасын уәжің.

Тарпаң тағдырың тарлық етпесін,

Кисең де басқа кәрілік тәжін.

Тербетейін тал бесіктей өлеңді,

Өзің еккен жемісіңді көр енді.

Тар жалғанның қайғы-мұңы қажытпай,

Алла қолдап, түсірмесін еңсеңді.

Үлесін еншілеп әр таңның,

Келеді алғысымды ақтарғым.

Кеудемде отты жаным барда

Бұйыртса, аманатыңды ақтармын!

Аягөз ДҮЙСЕНБАЕВА.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *