БОЛАШАҚҚА ТЕМІРЖОЛМЕН, ЖАС ТҮЛЕК!

Білім
1 432 Views

Өскенде кім болғым келеді? – бұл әрбір жасөспірімнің көкейінде жүрген ең маңызды сұрақ. Міне, сенің де мамандық таңдайтын және мамандық таңдауда ойланатын кезің келді. Мамандық – адамның өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдерінің бірі. Өз болашағыңды таңдар алдында қандай мамандықтар бар екенін және бұл мамандықтың қаншалықты қажеттілігін білген жөн. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табуымыз керек. Әрине, мамандық таңдағанда маманға тек қана білімі мен іскерлігі ғана емес, сондай-ақ оның қабілеті мен жеке қасиеттерін ескеру маңызды. Болашақта өз мамандығыңды дұрыс таңдауың – өмір бойғы жемісің. Атап айтар болсақ, темір жол мамандығы. Қазіргі таңда қазақ теміржолының дамуы айтарлықтай өскен деп нық сеніммен айта аламыз. Теміржол саласының дамуы бұрыннан елді-мекендерді бір-бірімен байланыстыратын басты транспорт түрі болған, әлі де солай болып келеді.

Елімізде теміржол мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі – 87 жылдық тарихы бар Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы және оның Республикамыздың Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент қалаларында орналасқан колледждері. Соның ішіндегі Шырайлы Шымкент қаласында орналасқан Шымкент көлік колледжі. Шымкент көлік колледжі – 2007 жылдан бері талапкерлерді қабылдап қазіргі таңда көптеген теміржолшыларды қызметке орналастырған киелі шаңырақ. Колледжде 6 мамандық бойынша мемлекеттік грант негізінде және ақылы бөлімде студенттерге білім кандидаттары және жоғары, бірінші санатты білікті мамандар білім беруде. Колледж студенттері өндіріс орындарында Қазығұрт стансасы, ЖШС «Шымкент Локомотив Сервис», «Шымкент Рем Сервис», «Ойлерс» ЖШС, «Транстелеком», ШЧ-37, Шымкент стансасында оқу іс тәжірибелерінен өтеді. Колледж студенттері түрлі облыстық, республикалық байқаулардан жүлделі орындар облыс деңгейінде алдыңғы қатарлардан көрініп келеді. Оқу орнымыздың материалдық-техникалық жабдықталуы жаңа заман талабына сай. Колледж студенттеріне арналған кітапхана, компьютерлік сыныптар, лингафонды кабинет, арнайы жабдықталған зертханалық кабинеттер, студенттерге арналған асхана, шеберханалар және мәжіліс залы бар. Колледжде «Локомотив», «Байланыс», «Физика заңдылықтары», «Білімді жас тарихшылар», «The world around us», «Қазығұрт», «Математика және ғылыми технология», «Лингвист» деп аталатын дарынды студенттерге арналған қосымша үйірме жұмыстары жүргізіледі.

Оқу орнымыздың басшысы өз ісінің шебері, білікті маман, көптеген ғылыми еңбектердің авторы, филология ғылымдарының кандидаты Абдужалил Абуталипұлы Аккузов студент жастарға барынша қолдау көрсетуде. Әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасы, жетім және жартылай жетім, ата-анасы мүгедек, оқу озаттарына, белсенді студенттерге көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Шымкент көлік колледжі теміржол саласына білімді де білікті мамандар даярлайтын елімізде алдыңғы қатарлардан көрінетін бірден-бір оқу орындарының қатарында екенін нық сеніммен айта аламыз.

Жас түлек, мамандық таңдауда қателесуге болмайды. Сонда ғана биікке жетесің!

Сандуғаш АБДУАЛИЕВА,

Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжінің оқу бөлімінің меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *