ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫ

Рухани жаңғыру
1 810 Views

Сырға – XIX ғасырда қазақ халқы қыз-келіншектерінің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымдарының бірі. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға деп әр өңірде алуан түрлі аталатын сырғалардың түрлері өте көп. Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға, тағы басқалар.

Шашақты ай сырға – қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты ай сырға сынды әр өңірде оның басқа да түрлері көп. Жасалған материалы мен жасалу тәсіліне қарай алтын сырға, күміс сырға, лағыл сырға, шытыра сырға, қолқа сырға, қозалы сырға, үзбелі сырға, күмбезді сырға, қоңырау сырға, ай сырға, ақық сырға, иінді сырға, гауһар сырға, айшықты, тұмарлы, салпыншақ, жапырақты сырғалар, шұбыртпа сырға, адай сырға, айбалта сырға болып кете береді.

Міне, осыларды көрмек болсаңыздар, біздің музейімізге келіңіздер! Музей Шымкенттегі Абай саябағының нақ ортасында орналасқан.

Гүлжан БЕРКІНБАЕВА,

Шымкенттегі Хакім Абай музейінің аға ғылыми қызметкері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *