ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕУДЕМІЗ

Рухани жаңғыру
1 169 Views

Ұлы даланың жеті қырының кез келгені, яғни атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы мен мифологиясы бар озық мәдениетті Қазақ елінің рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері − «Алтын адам» жауынгері, түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау алатын түркі тарихы, әлемдік экономиканың өркенденуіне септігін тигізген − Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ елінің ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар әрбір қазақ үшін аса қымбат құндылықтар, еліміздің өміріндегі ерекше мұра. Айтылып өткен мәдени құндылықтарымыз қоғам санасының тарихи жа­ңаруы үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынып отырған жобалар толықтай жауап береді және жаһандану кезеңінде ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау әрі сақтау егемен еліміздің тұғырын бекемдеудің тікелей кепілі. Сонымен қатар мемлекет басшысы айтқандай, «Тарихи сананы жаңғыртып, көтерілген мәселелерді ой елегінен өткізіп, терең зерделеу қажет». Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жетіжылдық бағдарламасын іске асыру еліміздің тарихын түгендеуге үлкен мүмкіндік береді. Түркі әлемі ежелден Қазақстанды − күллі түркі халықтарының қасиетті қарашаңырағы ретінде мойындайды. Ал Түркістан қаласы халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады деген сөздер әрбір қазақтың жүрегіндегі мақтаныш сезімін оятады деп ойлаймыз.

Қазақ халқының өмір сүру дағдысы, тұрмысы, салт-дәстүрі жайлы білу, соны сақтап, кейінгіге үйрету – ұрпақтар парызы. Ашқан жаңалықтарын, жеткен жетістіктерін кейінгіге аманаттап кетеді. Сол аманатты Елбасымыз Түркі әлемінің бесігі – Тәуелсіз Қазақстанның жастарына Жастар жылын жариялай отырып, шыққан тектерімен таныстырған мақала жолдап отыр. Ал осыны оқыған ұрпақ төл тарихын білуге ұмтылып, тарихи санасы жаңғырып, мақалада айтылған керемет идеяларды қолға алып, жобаларға атсалысатынына бек сенімдіміз.

Осы орайда Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжінің жастары да Елбасы идеяларын қолдай отырып, бар тарихқа байыппен қарап, кезінде сан түрлі себептермен орын алған кемшіліктерді електен өткізе екшей отырып, жаманынан безініп, алда оның қайталануына жол бермеуге, жақсысынан үлгі-өнеге алып, әрі қарай жетілдіруге өз үлесін қосып келеді.

Ұлжалғас МОМБИЕВА,

М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *