ЕЛОРДА КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Қоғам
772 Views

Еліміздегі үшінші ірі мегаполистегі «Арбат» демалыс аймағында «Ел астанасы – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанаттыкешке қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов және Шымкент қаласымәслихатының хатшысы Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараев қатысты.

Қала әкімі көпшілікті Елорда күнімен құттықтап, әлем бойынша ең жас қаланың 21 жыл ішінде бағындырған биік белестерін атап өтті.

– Құрметті қала қонақтары мен тұрғындары! Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының күні айтулы мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Әр мемлекеттің өз астанасы, бас қаласы бар. Біздің астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласы. Еліміз тәуелсіздік алғалы өзіміздің жаңа тарихымызды, жаңа астанамызды қалыптастырдық. Осынау мерзім ішінде үлкен өзгерістермен қатар, гүлдену мен жаңарудың куәгері болдық. Ел астанасын Нұр-Сұлтан қаласына көшіргелі бері елімізде әсем қала бой көтеріп, әр өңірден жастар ағыла бастады. Сол жастардың қатарында мен де болдым. Бұл күнді әрқашан құрметтеуіміз қажет. Біздің астанамыз, Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы – елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің символы. Қысқа уақыттың аралығында ен далада осындай ірі қаланың бой түзуі талайды таң қалдырды. Бұл – біз үшін мақтаныш. Осыған орай ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Шымкент қаласының атынан өзімнің шынайы алғысымды білдіргім келеді. Елбасының негізін қалап кеткен ізімен қадам бассақ, біздің халқымыз, еліміз шаттыққа толы бақытты ғұмыр кешеді. Соған сенемін! Еліміз, қаламыз жылдан-жылға көркейіп, өсетін болады. Баршаңызды сыйлаймын, құрметтеймін. Сіздердің қолдауларыңыз бізге әрқашан дем береді. Сіздер үшін аянбай қызмет етемін деп сөз беремін! Мереке құтты болсын, – деді қала әкімі.

Мерекелік концертте көпшілік назарына «Нұр-Сұлтан» сазды хореографиялық композициясы ұсынылды. Еңселі Елордамызға арналған мерекелік іс-шара жиналған көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады. Салтанатты жиын бұдан соң Шымкенттің шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.

Аягөз ДҮЙСЕНБАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *