ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР

Билік Қоғам
990 Views

«Код» ұғымы біздің терминологиялық лексиконға техникалық сөздіктен келді, сондықтан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә.Назарбаев «мәдениет коды», «рухани код» туралы айтқан кездебіз ұлттың пайда болатын тарихи, терең ментальдық құндылықтарымызды түсінудің кілті туралы әңгіме болып отырғанын білеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы ұлттық кодымыздысақтауға шақырады.

Егер біз өз дінімізді жоғалтсақ немесе біздің ұлттық мәдениетімізге зиян келтіретін бағыттар арқылы жүрсек, біз қазақ болуды доғарамыз. Дін – елімізді ұлт етіп қалыптастырып, біріктіріп, нығайтады. Әлемдік әдебиетте дінді ұлттың әртүрлі бөлігін біртұтас біріктіретін желіммен салыстыруы кездейсоқ емес. Мәдениет пен дәстүр бізге күш-қуат береді. Сонымен қатар бізге ұлттық және әлемдік мәдениеттің белгілі бір теңгеріміне қол жеткізу қажет. Елбасымыздың мақаласында бұған ерекше назар аударылды. Кез келген ұлттың басты байлығы – халық. Адам – қоғам дамуының нәтижесі. Сондықтан мемлекеттің идеологиялық жұмысы Рухани жаңғыру бағытын ұстануы тиіс. Адам рухани тұрғыда қаншалықты күшті болса, мемлекет те сондай мықты болады. Біз бұл идеяларды ұрандар мен декларацияларға айналдырмауымыз керек. Әрбір тұлға өз қадамдарын елдің рухани дамуымен әрдайым өлшеп отыруы маңызды.

Осыдан екі жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көргенін бәріңіз жақсы білесіздер. Бұл мақала – Қазақстанның үшінші жаңғыруы идеясымен сабақтас, стратегиялық маңызы зор, мемлекеттік идеологияны анықтайтын құжат. Онда бүгіні мен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілген. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар оңды жүзеге асуда. Бұл тұстар – біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деуімізге болады.

Шымкент қаласында бағдарламаны іске асыру мақсатында 2019 жылдың 1 сәуірінде «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі құрылған болатын.

Жергілікті қала әкімдігі басқармасының мәлімдеуінше, ағымдағы жылы Президент Әкімшілігімен келісіліп,«Рухани жаңғыру» бағдарламасын Шымкент қаласында іске асырудың 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар алты бағыт, 12 арнайы жоба негізінде 77 тармақтан құралған.

Бағдарлама аясында 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 113іс-шара өткізіліп, онда 68 мыңдай адам қамтылып өткен болатын.

Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу бойынша қоғамдық сананы қалыптастырушы, дербес ақпарат таратушы республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде 3297 материал жарық көрген. Соның ішінде телеарналарда – 912, газет беттерінде – 933, интернет ресурстарда – 388, әлеуметтік желілерде – 1064 материал жарияланған.

Бағдарламаның басымдықтарына сәйкес негізгі жобаларға тоқталып өтсек.

БІРІНШІ АРНАЙЫ ЖОБА – ТУҒАН ЖЕР

Жоба бойынша есепті кезеңде қаламызда жалпы 88 кіші жоба жүзеге асырылды.

«Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде демеушілер мен меценаттар есебінен Шымкент қаласы бойынша құны 616 миллион 500 мың теңге көлеміндегі қаржыны құрайтын сегіз жоба ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Медикер» ЖШС-нің демеушілігімен құны 600 миллион теңгені құрайтын «Медикер К» клиникасы, «Азала текстиль», «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС, «Береке» корпорациясы мен «Бадам тасстрой» компаниялары кардиоорталыққа автотұрақ салып, келушілерге ыңғайлы орын жасап берді. «Азалагрупп», «Қор мұнай» компаниясы, «Дара» қорының демеушілігімен 14 миллион теңгеге мектеп жанынан ашылған ерекше білім беруді қажетсінетін балаларға арналған орталық заманауи үлгіде толық жабдықталды. Орталықта жылына 100 бала білім алып, емделіп, сауықтырылады. Сондай-ақ, 220 орындық балабақша секілді нысандар салынып, бүгінде халық игілігіне пайдалануға берілді.

«Ажарлы үй – ырысты» кіші жобасы аясында мамыр айында бюджет есебінен салынған он көп қабатты үйдің пәтерлері көпбалалы, тұрмысы қолдауды қажет ететін 540 отбасыға берілді. Қаланың төрт ауданында 32 балалар алаңшалары, 5 спорт алаңшалары, 18 көше жолдары жөнделді.

Бағдарламада қойылып отырған басты мәселе – ұрпағымызды білімді, әрі рухани жағынан бай етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа бағытталған «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында: түрлі көлемде 63 ауқымды және шағын іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Өлкенің тарихын кеңінен тану, зерттеу мақсатында қаладағы 5, 6, 7 сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығын алуға бюджеттен 93 миллион 591 мың 700 теңге бөлінді. Ө.Шыныбекұлы, Б.Бейсетаева, К.Сейілбекова, Ж.Ширманова авторлығымен басылым 60448 данамен 2018 жылы «Алматыкітап» баспасынан шықты. «Өлкетану хрестоматиясы 1,2 бөлім» бойынша 31миллион 073 мың 056 теңге бөлініп, 12 932 дана оқулыққа тапсырыс беріліп, 2019 жылы «Алматыкітап» баспасынан жарық көрген.

Бағдарлама аясында қаладағы 58 мектепте робототехника кабинеті ашылды. Бүгінгі таңда кабинеттер техникалық құрал-жабдықтармен қамтылған.

ЕКІНШІ АРНАЙЫ ЖОБА – ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ

Жоба бойынша мемлекеттік тілге аударылған алғашқы 18 және биыл шыққан 30 оқулықты таныстыру жұмыстары қаладағы жоғары оқу орнының басшылары, ғалымдары, профессор-оқытушылар құрамы мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өтті. Кездесулер мен конференция, «дөңгелек үстел» мәжілістерінде барлық салаларды қамтитын құнды дүниелер туралы тың ойлар айтылды.

ҮШІНШІ АРНАЙЫ ЖОБА – ҚАЗАҚ ТІЛІН ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШІРУ

Жобаны жүзеге асыру үшін арнайы желілік кесте әзірленіп бекітілді. Кестеге сәйкес бүгінде 34 іс-шара ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталуда. Қала тұрғындары арасында қоғамдық пікір туғызу, латын қарпін насихаттау бойынша ақпарат беттерінде, әлеуметтік желілерде және әлеуметтік баннерлерде материалдар жариялануда. Қала көшелеріне бағдарламалық мақаланы насихаттау бойынша баннерлер ілініп, LED экрандардан бейнероликтер көрсетіліп келеді. Шет елдерден келген жазушылар, қаланың зиялы қауым өкілдері, түркітанушы ғалымдардың қатысуымен семинар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілді. Барлық кітапханаларда, оқу орындарында латын әліпбиінен «Ұлттық мұра» тақырыбында диктант жазу акциясы ұйымдастырылып, оған жалпы 28 мыңнан астам адам қамтылған болатын.

ТӨРТІНШІ ЖОБА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ

Шымкент қаласының даму тарихын бейнелейтін «Цитадель» (ескі қаланы жаңғырту) жобасы ұйымдастырылып, ескі қалашық аумағына зерттеу жұмыстары жүргізілуде.Бұл аумақта көне археологиялық саябақ кешенін мұражай етуге арналған жұмыстарға өткен жылы 245,1 миллион теңге қаралған болатын. «Ескі қаланың» қайта жаңартуды қаржыландыру мәселелері бойынша археологиялық жұмыстар құны, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, Шымкент қалашығын ғылыми-реставрациялау және мұражайландыру жөніндегі ғылыми-сметалық құжаттаманы әзірлеуге ағымдағы жылға 502 миллион 196 мың теңге қаржы қарастырылған. Қазба жұмыстары жүргізілгеннен кейін, мұнда ашық аспан астындағы музей ашылады.

Шымкент қаласындағы киелі орындар – «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелерінің аумағына көріктендіру жұмыстары жүргізілді. «Қошқар ата» жобасы бойынша өзеннің жағалауы абаттандырылып, қаланың тарихи даму кезеңін қазіргі уақытпен ұштастыратын заманауи қалашық және туристік аймақ ретінде дамыту шаралары жүзеге асырылуда. Жоба бойынша қаладағы төрт тарихи-мәдени ескерткіштер жергілікті маңызы бар қасиетті, киелі жерлердің тізіміне енді.

БЕСІНШІ ЖОБА – ЖАҺАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ

Жобаға сәйкес сегіз мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді. Түркітілдес 20 елдің өкілдері қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен танысты. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап, қаланың көрікті жерлері мен киелі орындарға саяхат ұйымдастыру мақсатында туристік автобустар ұйымдастырылды. Шетел студенттерімен «Шымқалаға қош келдіңіз!» шарасы өткізілді. Сонымен қатар қаламызда 16 наурызда «Ұлы дала хикаялары» атты заманауи өнер туындыларының жылжымалы көрмесі ашылды. Оған халықаралық тәуелсіз тәлімгер, өнертанушылар қатысты. Төрт экспозиция залына жасақталған өнер иелерінің шығармаларына Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы арқау болған. Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ашылған көрмені бір айда 12 мың адам тамашалап үлгерген. Сәуір айында үшінші ірі мегаполисте «Қызғалдақ жолы» Халықаралық фестивалі өтті. Іс-шараға 10 мыңнан астам көрермен жиналған. Дала жауһары, гүлді насихаттауға отандық және көрші елдердің флористерінен бастап, суретшілер, дизайнерлер өз үлесін қосты. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы «Қызғалдақ – Қазақстанның бренді» екенін нақтылаған болатын. Бұл – біздің өлкеге тән өсімдіктің түрі. Қазақстанда оның 35 түрі өседі. Ал грейг, кауфман атты сұрыптары Түркістан облысы, Шымкент қаласының маңында көптеп кездеседі. Былтыр шаһар көшелеріне қызғалдақтың 700 мың түбі егілсе, биыл миллионнан астам қызғалдақ тұқымы отырғызылып, қала кейпіне көрік беріп тұр. Қазіргі таңда Шымкент қаласында «OLD WORLD ORDER / NEW WORLD ORDERS» атты британдық суретшілердің көрмесі өтуде. Бейнелеу өнері музейінде келушілер назарына ұсынылған жұмыстар материалдық және материалдық емес мәдени мұра, қазіргі заманғы мәдениет, жалпы сәйкестік және қоғамның ынтымағы тақырыптарын ашып, британдық суретшілердің жұмыстарын шымкенттік тұрғындар мен қала қонақтарына таныстыру – басты мақсат болып отыр.

АЛТЫНШЫ ЖОБА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ

Жобаның 2017 жылғы алғашқы кезеңінің дауыс беру нәтижесінде Шымкент қаласынан «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» үш азамат енгізілді. Олар: Қайрат Молдасейітов – кәсіпкер, Құралбай Орынбасар – спортшы, Әсел Далиева – спортшы. Аталған азаматтармен қала жастарының, Шымкент тұрғындарының ондаған кездесулері өткізілді. 2018 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына Шымкент қаласынан 19 азаматұсынылды.

Шымкент қаласы бойынша республикалық 100 есімге кіретін азаматтардың еңбек жолындағы жетістіктерін насихаттау бойынша қала көшелеріне 37 баннер орналастырылды.

Шымкент қаласында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сәйкес қосымша 6 жоба бойынша да іс-шаралар өткізілуде. Атап айтар болсақ, «Архив-2025» жобасы, «Ұлы даланың Ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейі, «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі».

Бұл жобалар аясында жыл басынан бері 40-тан астам іс-шаралар ұйымдастырылды.Қаладағы қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштерге QR кодтар орнатылды.

Қала тұрғындары мен жастарға кітап оқуды ұйымдастыру, танымдық әлеуетін арттыру мақсатында «Отырар» кітапханасынан «Kovorking» (коворкинг) орталығы ашылды.

Тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Шымкент қаласының киелі орындары», қаланың туристік әлеуеті, қала бренді, тағы басқа бейнероликтер түсіріліп, қоғам назарына ұсынылды.

Шымкент қаласындағы шығармашылық ұжымдардың шетелдердегі гастрольдік қызметін ұйымдастыру мақсатында Шымкент қаласының орыс драма театры Ресей Федерациясының бірқатар қалаларына – Санкт-Петербург, Таганрог және Татарстан Республикасының Қазан қалаларына, Байқоңыр қаласына гастрольдік сапарға барды. Сонымен қатар Шымкент циркінің Қытай Халық Республикасы мен Қырғыз еліне гастрольдік сапары ұйымдастырылды. 2019 жылы Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық қазақ академиялық драма театрының, Шымкент орыс, өзбек драма театрының, опера және балет театрының шетелдік шығармашылық ұжымдарымен келісімшарт түзіліп, шығармашылық ұжымдардың гастрольдік сапарын ұйымдастыру жоспарлануда.

Осы орайда айта кетеріміз, қазіргі заманғы барлық қауіп-қатерлер мен жаһандану үлгісін ескере отырып, ұлтымыздың рухани құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ұлттық бірегейлікті сақтауға, азаматтардың білімі мен санасының ашықтығын насихаттауға бағытталған. Бұл қасиеттер қазіргі заманғы әрбір қазақстандықтың негізгі бағдарына айналуы тиіс.

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы қоғамды біріктіруге, зиялы қауым, жастар Мемлекет басшысы жариялаған идеялар төңірегінде халықтың барлық жіктерінің өкілдерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Аягөз ДҮЙСЕНБАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *