ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚТЫҢ БІРІ

Қоғам Құқық
835 Views

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы менөркендеуінің негізі» атты тұңғыш Жолдауы елімізді реформалаудың жаңа кезеңіндетүрлі қиындықтардың алдын алу мақсатындағы жолдарын іздеп, үлкен бағыт-бағдарберіп отыр. Бұл Жолдаудың мәні ерекше. Себебі Жолдау Тәуелсіздіктіңжетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығарумүмкіндігінің негізгі бес басымдықты айқындайды. Соның ішінде екінші басымдықтасыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі және заңның үстемдігі туралыайтылған. Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттыңнегізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Себебі сыбайлас жемқорлықеліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына кері әсер ететін, елдің дамуболашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екені анық. Сыбайлас жемқорлықбарлық мемлекеттерде тамырын тереңге жіберген. Сондықтан онымен күресу, тоқтаусыз,барынша қатал әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс.

Бұл бағытта Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде де жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Мекеме сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда департаменттің және оның құрылымдық бөліністерінің, ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тақырыбында жоспарлы шаралар, «дөңгелек үстел» мәжілістері өтіп тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тақырыпта біліктілікті арттыруға байланысты «дөңгелек үстел» мәжілістеріне басқа да мүдделі мекемелердің өкілдері шақырылып, сыбайлас жемқорлықты жоюға байланысты ұсыныстар, тәжірибе алмасулар, пікірталас жүргізу жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған іс-шаралар департаменттің веб-сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» бөлімінде жарияланып, «сенім телефоны» жұмыс жасайды.

Жемқорлықпен күрес кез келген қоғам үшін әрқашан өзекті әрі ғаламдық мәселе болып отыр. Ал онымен күрестің тиімділігін арттыру кез келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған Қазақстан үшін өте маңызды. Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары, оның алдын алу, жол бермеу мәселелері бойынша тек қана газет беттерінен оқып уақытша ойға берілмей, нақты бір шешім қабылдап, дамыған елдердің қатарына енуді және өзге мемлекеттерге үлгі болатын Қазақстан болуды алға мақсат етіп, аянбай еңбек етейік!

Нұрболат ДЕРБИСОВ,

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы,

азаматтық қорғау полковнигі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *