Көрнекті ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат»орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызының 70 жасқа толған мерейтойына арналғаншығармашылық кеш өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы Шымкент қалалық филиалыныңғимаратында өткен шығармашылық кеш алдында бұқаралық ақпарат құралдарыөкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Сонымен қатартақырыптық кітап көрмесі қойылып, ақынның он томдық шығармалар жинағының тұсауыкесіліп, оқырмандарға жол тартты.Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы жайлыбаяндайтын «Сыр шертемін ешкімге айтылмаған…» атты бейнефильм көрермендерназарына ұсынылды. Мерейтойлық салтанатты кешті Мархабат Байғұт пен КөпенӘмірбек сынды жазушылар жүргізді.
Кездесу барысында шаһар басшысы Ерлан Айтаханов халық құрметіне бөленген қаламгердің қазақ әдебиетіне қосқан сүбелі үлесін ерекше атап өтіп, шынайы ыстық ықыласын жеткізді. «Сізді әдебиет әлемінен жақсы танимыз. Өлеңдеріңізден тек ақындығыңыз ғана емес, отансүйгіш қасиетіңізді де байқаймыз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып қалыптасуына да қосқан үлесіңіз орасан. Өңірдің өнерін өрге сүйрей білдіңіз. Қазақ әдебиеті арқылы елімізге баға жетпес еңбек сіңіріп келесіз. Қанатыңыздың ешқашан талмауына тілектеспіз!» – деді Ерлан Қуанышұлы.
Айтулы мерекеге егемен еліміздің түкпір-түкпірінен – Ақтау, Атырау, Қарағанды, Тараздан, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Қытайдан келген мәртебелі меймандар келді. Сонымен қатар ғалым, философия ғылымының докторы, профессор Амангелді Айталы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бәйменов, айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова сынды айтулы тұлғалар қатысты. Өз кезегінде олар мерейтой иесіне деген жүрекжарды ойларын ортаға салып, хан қызындай Ханбибіге сый-сияпаттарын табыс етті. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев пен Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараевтың атынан сөз сөйлеген азаматтар да өздерінің той иесіне деген тарту-таралғыларын тапсырды.
Қайырымды қаланың ыстық ілтипатына бөленген кеш иесі де руханиятқа толы әңгімелерін айтып, келген қонақтарға жылы лебізін білдірді. Мерейтойын атап өтуге атсалысқан азаматтардың бәріне өзінің ризашылық сезімін жеткізді.
Мерейтойлық салтанат бұдан кейін «Оңтүстік» қабылдау үйінде өзінің жалғасын тапты. Онда да ыстық ықыласқа толы тілек айтушылар көп болды. Шырайлы шаһардың тұрғындары мен қонақтары ақынын аялап, айрықша қадір тұтатынын байқатты.