ЗАҢДАРДЫҢ ҚАЙШЫЛЫҒЫ

Қоғам Құқық
964 Views

Қазақстан ІІМ Қырғызстан, Ресей және Армениядан келген көліктер заңсыз деп табылып, олардың қозғалысына шектеу қойылатыны жайлы пікір білдірген болатын.

Бұл жаңалық халық арасында қызу талқыға салынды. Тұрғындар: «Кіргізбес бұрын айыппұл салынуы керек еді, осыған дейін жауаптылар ай қарады ма?», — деген пікірді ұстанса, заң қызметкерлері бұндай ережелер ешқандай заңда жоқ, егер оны жүзеге асырсақ бұл халықаралық келісімді бұзатыны жайлы айтады. шын мәнінде бұл шешімнің толықтай заңдылығына талдау жасап көрейік.

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың хабарландыруында:

«Қырғызстан мен Армениядан әкелінген көліктер міндетті түрде кедендік рәсімдеуден өтуі керек. Өйтпеген жағдайда ережені бұзғандар жазаға тартылады. Яғни, көлік иесіне айыппұл салынып, көлігі айып тұрағына қойылады», — делінген еді.

Бұл жаңа нормалардың негізін ҚР Жол жүрісі туралы заңның 66 бабына сілтеме жасау арқылы түсіндіреді. Осы жерде халықаралық келісім-шарт пен мемлекет заңының арасында түсінбеушіліктер туады. Себебі, ЕЭО-ның Кеден кодексі туралы шартқа назар аударсақ, ЕЭО-ға мүше мемлекеттерде тіркелген, жеке пайдалануға арналған автокөлік кедендік рәсімдеуден босатылады деп көрсетілген:

260 бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау

1 — тармақ. Кедендік декларациялауды қажет етеді

5) мүше мемлекеттерде тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, кез келген әдіспен Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;

Армения мен Қырғызстан бұл одаққа 2014 жылы кіргендіктен осы жылға дейін өзге елдерден әкелінген темір тұлпарлар одақтың тауары саналған. Ал бұл уақыттан кейін әкелінген көліктерден одақ тауары саналуы үшін кедендік тіркеуден өтіп, салықтарды төлеуге міндеттеледі. Ішкі істер министрлігінің «шектеудің Беларусь пен Ресейге еш қатысы жоқ» деп мәлімдеуінің мәні осыда. Сонымен қатар ЕЭО-ның Арменияға төмен бағамен көлік кіргізуге мүмкіндік беретін өтпелі кезең 2019 жылы аяқталған. Арменияға бұл мүмкіндік халық сұранысы болған соң, 2014 жылы ЕЭО-ға мүшелік ететін мемлекеттердің (Қазақстан, Ресей, Беларусь) құптауымен берілді. Келісім бойынша осы елдің азаматтары бұл көліктерді тек Армения аумағында жеке қолдану мақсатында ғана тұтына алады. Бұл көліктерді Қазақстан азаматтарына сату заңсыз болып саналады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *