ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Қоғам
1 749 Views

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.Назарбаевтың қол қоюымен еліміздің егемендігі бекітілді. Тәуелсіздік – ұлттық мемлекеттік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан егемен, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды.

Тәуелсіз мемлекеттің тағдыры, оның ертеңгі, болашағы, қазақ ұлтының өркениетті әлемге тұрақты өз орнын иемденуге деген ынтасы жылдан-жылға күшейіп, өткен кезеңінде жақсы көрініс тапты. Күні кеше ғана шаңырақ көтерген тәуелсіз мемлекетіміз бүгінде оң-солына құлашын кең жая бастаған, әлемнің алпауыт елдерінің назарын өзінің қарышты қадамына, қуат-күшіне аударған дамыған шағына жетті. Тәуелсіздікті баянды ету жолындағы жанкешті еңбек ешқашан ұмытылмайды.

Бұл күн – ата-бабаларымыз аңсаған армандарына қол жеткізген, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Тәуелсіздік алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Егемендіктің тағы бір маңызды белгісі өз азаматтығымыздың болуы. Азаматтық – адамдардың мемлекетпен тұрақты саяси және құқықтың байланысының жағдайы. Бақытымызға орай қазіргі Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы ішінде тыныштығын, бейбіт тіршілігін сақтап келе жатқан бірден-бір ел.

Салтанат ҚҰЛЖАБАЕВА,

Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның Ақмешіт тарихи ескерткіш секторының таныстырушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *