ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАДА ШЕБЕРЛІК-КЛАСС ӨТТІ

Денсаулық
659 Views

– Өкпенің тінаралық аурулары немесе Қазақстанда мұндай ауруға шалдыққан пациенттердің саны неліктен артып келеді? Covid-19. Тәуекел тобына кімдер жатады?

– Президенттік клиникада (Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы) өкпенің тінаралық ауруларын диагностикалау әдістерін зерделеу бойынша шеберлік-класс өтті. Бұл аурулардың басым көпшілігі прогрессивті ағыммен жүреді және қайғылы жағдайларға әкеліп жатады, респираторлық қауымдастықтардағы дәрігерлер арасында пікірталастар тудырады, өкінішке орай, олардың көпшілігі аталған патологиялармен бірыңғай күресу алгоритмін таппады. Клиниканың диагностикалық блогының докторлары Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің үздіксіз кәсіби білім беру медициналық академиясында жұмыс істейтін әріптестері – Игорь Тюрин және Ирина Соколинамен бірлесіп сәулелік зерттеулер кезінде өкпенің тінаралық ауруларының семиотикасының ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың өзара, тағы басқа да ұқсас патологиялармен дифференциалды диагностикасының ерекшеліктерін талдады. Мамандар әлемдік медицина ғылымының бұл саласын әлі де ұзақ зерттелетін және медицинадағы технологиялық прогрестің шыңында әлі де көптеген нәрселерді үйрену керекті туралы ой түйді. Аталған шеберлік-класс – Президенттік клиниканың диагностикалық блогының мүмкіндіктерін кеңейтуге жасалған қадамдардың бірі ғана.

АНЫҚТАМА ҮШІН:

(Шеберлік-класс 2020 жылдың ақпан айында өтті. ДДҰ 2020 жылы

11 наурызда коронавирустың пандемиясын жариялауына, сонымен қатар Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Президенттік клиникада шетелдік мамандардың қатысуымен өтуі тиіс бірінші жартыжылдыққа жоспарланған шеберлік-класстар тоқтатылды).

Президенттік клиниканың компьютерлік және магнитті-резонанстық томография блогында жұмыс әрдайым қызу жүріп жатады. Дегенмен, 2020 жылдың ақпан айының соңғы аптасы ерекше болды: дәрігерлер ең қауіпті аурудың бірі – өкпенің тінаралық ауруларын нақтырақ диагностикалауға көмектесе алатын сәулелі, тағы басқа да симптомдарды зерттей бастады. Мұндай пациенттердің Қазақстанда неліктен көбейіп бара жатқаны туралы Диагностика орталығының КТ және МРТ докторы Александр Дунь былай дейді:

– Бүкіл әлемдегідей, біздің елімізде де тыныс алу органдарының осындай патологиясы бар пациенттер саны артып келеді. Бұл тек техникалық және зертханалық жабдықталу есебінен диагностиканың жақсаруымен ғана емес, сонымен қатар адамның органикалық және органикалық емес табиғаттың көптеген жаңа заттарымен (атмосфераның өнеркәсіптік поллютанттармен ластануы, кәсіптік ортада химиялық улы заттар, фармацевтикалық препараттарды енгізу және қолдану, темекі шегу) байланыстарының ұлғаюымен байланысты. Тінаралық аурулардың көптеген себептері анық, алайда олардың шамамен үштен бірінің – этиологиясы белгісіз.

Президенттік клиниканың дәрігерлері тінаралық патологиясы бар пациенттердің кеуде қуысының компьютерлік томографиясының нәтижелерін түсіндіру бойынша көптеген жаңа ақпарат алғанын айтады. Доктор Александр ДУНЬ былай деп жалғастырады:

– Адамның өкпесі, бұл – жұмсақ және тегіс тін. Орташа шамамен адам өкпесіне 3-3,5 л ауа бар, өкпенің тінарасы пішіні мен серпімділігін сақтауға мүмкіндік береді, яғни «қаңқа» қызметін атқарады. Тінаралық аурулар кезінде тінаралық шектен тыс «қаулап», байланыстырғыш тінге ауысады, осылайша оттегінің сіңіру бұзылады.

Өкінішке орай, Қазақстанда бұл аурулар біз қалағандай тез диагностикаланбайды, пациенттер «бір дәрігерден келесі дәрігерге жүгіріп» мәселенің шешілуін кешеуілдетеді. Талқыланған патологияның дәл диагностикасы көбінесе морфологиялық – бұл тірі адамнан микроскопиялық зерттеу үшін өкпе тіні алынады. Біз сәулелік диагностиканы дамыта отырып, инвазивті әдістердің санын азайтуға әрекет етеміз. Өйткені олар денсаулыққа зиян келтіріп, түрлі асқынулар туындатуы мүмкін, – деп атап өтті Александр Дунь.

Ирина СОКОЛИНА, медицина ғылымының кандидаты, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің «Ресей үздіксіз кәсіптік білім беру медициналық академиясы» Федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің рентгенология және радиология кафедрасының доценті:

– Шеберлік-класс өкпенің тінаралық ауруларын компьютерлік-томографиялық зерттеуге арналды. Ол тағы басқа да облыстар үшін өзекті. Себебі мұндай ауруларды қабыну ауруларымен, туберкулезбен бірге анықтауға тура келеді. Қазір жаңа жіктелімдер, жаңа талаптар, жаңа өлшемдер пайда болуда, біз қазір дәл соларды талқылаудамыз.

Игорь ТЮРИН, медицина ғылымының докторы, Президенттік клиниканың жабдықтармен жабдықталу деңгейін және дәрігерлердің жоғары дайындық деңгейін атап өтті. Ол шеберлік-кластың, оның барысындағы жүргізілген сканерлеу хаттамаларын түзету – клиниканың диагностикалық мүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті.

Игорь ТЮРИН, медицина ғылымының докторы, доцент, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің «Ресей үздіксіз кәсіптік білім беру медициналық академиясы» Федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің рентгенология және радиология кафедрасының меңгерушісі:

– Компьютерлік және магнитті-резонанстық томография блогы үнемі дамып келеді және бүгінде КТ және МРТ аппараттарының көмегімен диагностиканың бірқатар инновациялық әдістері бар. Шеберлік-класс барысында Президенттік клиниканың докторлары тінаралық ауруларды диагностикалау алгоритмдерін, диагностикалық іздестіру мен емдеуге жұмылдырылған мамандармен командалық жұмыс жасауды үйренді.

Өкпенің тінаралық аурулары – өте қауіпті қарсылас. Дәрігерлер терапевтер, пульмонологтар, кардиологтар, морфологтар, эндоскопистер кіретін арнайы салааралық командалар құрады. Пациентке аурудың ерте сатысында көмектесе алатын маманданған дәрігерге жүгіну маңызды.

АНЫҚТАМА ҮШІН:

Президенттік клиника Қазақстандағы бірінші болып өкпенің диффузиялық қабілетін заманауи зерттеуді іске қосты. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар:

https://www.zakon.kz/4969665-v-bolnitse-meditsinskogo-tsentra-udp-rk.html

Ең маңызды тінаралық аурулардың бірі – идиопатиялық өкпе фиброзы болып саналады. Бұл кезде өкпе тінарасы фиброзды (тыртық) тінге«айналады», бірнеше жыл ішінде өкпе тінінің жұмыс істеп тұрған тіндерін алмастырады. Салааралық командалық жұмыс әдісі – диагноз қою уақытын үнемдеу және барабар терапияға тез көшу.

Клиницистер мен радиологтардың командалық жұмысы, аурудың белгілері мен тарихын талқылау өкпенің КТ-суретін түсіндірудің мүмкін нұсқаларын айтарлықтай тарылтады. Радиолог өз кезегінде эндоскопистпен материалды алудың техникалық ерекшеліктерін талқылайды, бронх арқылы өкпе тінінің биопсиясы қажет болған жағдайда морфологтардың материалды микроскоппен қарау кезінде фиброзды ғана көрген жағдайда КТ/МРТ дәрігерлері биопсияның дұрыс жерден алынбағанын түсінеді.

АНЫҚТАМА ҮШІН:

Президенттік клиниканың эндоскопия бөлімшесінде трансбронхиалды биопсия жасайды: пациенттің денесінде ешқандай тіліксіз, өкпе және жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларын диагностикалайды. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар:

http://bmcudp.kz/ru/news/6763

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *