ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН КІТАП

Қоғам
645 Views

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай «Раритет» баспасы тамаша тарту әзірледі. Бұл баспа«Соғыс жаңғырығы» («Эхо войны») деген атпен қазақтың төрт қаламгерінің шығармасынорыс тілінде жинақ етіп шығарды.

Атап айтқанда, Естай Мырзахметовтің «Шамшырақ» Кәрібай Ахметовтің «Жеңіс жауынгері», Жәлел Қизатовтың «Соғыс қасіреті», Нағашыбек Қапалбекұлының «Өрік ерте гүлдеген жыл» атты повестері жарияланған. Шығармаларды орыс тіліне аударған – белгілі ақын, прозаик, аудармашы Амантай Ахетов.

Көлемі 35 баспа табақ болатын кітап бес мың данамен жарық көрді. Бұл шығармалар – оқырманды елжандылыққа, патриоттық рухқа тәрбиелейтін соғыс және оның зардабы жайлы құнды жинақ.

«Әділет ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *