СОҒЫС ЖӘНЕ СОТ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Қоғам
791 Views

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс – елдік пен ерліктің және халқымыздың бірлігі мен қайсаррухының мерекесі. Бұл мереке – Отанын қасық қаны қалғанша қорғап, теңдессізерліктер жасаған жауынгерлердің айбыны мен тылдағы Жеңісті жақындатқан еренеңбектің мәңгі өшпейтін белгісі! Біздің аталарымыз бен апа­ла­рымыздыңбатырлықтары мен жанқияр­лықтары, олардың өз Отанына деген шексізсүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауын­герлері мен жастары үшін мақтантұтарлық үлгі!Ұлы Жеңіс мерекесі – сан мың­даған ұрпақ үшін ортақ мереке жәнежас ұрпақ үшін өшпес өнеге!Бұл Жеңісті бірінші болып соғыстың алғы шебіндеқайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлертойлайды.Бүгінде олардың қатары сиреп, тым аз қалды.Былтыр ҰОС-ның ардагері,Қазақстанның Құрметті судьясы Айтжан Тассейітұлы Бекназаровтың өмірден озуыШымкент қаласындағы сот қызметкерлерінің қабырғасын қайыстырды. Ол заңсаласында 35 жыл, соның ішінде сот жүйесінде 32 жыл қызмет атқарған.

Айтжан Бекназаров 1922 жылы 28 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгер ауданы, Шутөбе ауылында дүниеге келген. Қазір бұл жер Түркістан облысы, Төлеби ауданына қарайды. 1934-1937 жылдары Алматыда Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қыз­метін атқарған атасы Елтай Ерназаровтың тәрбиесінде болған. 1940 жылы Төлеби ауданындағы Көксәйек орта мектебінің тоғызыншы сыныбын бітірген соң Шымкентте ашылған бір жылдық мұғалімдер курсын тәмамдап, өзінің 1-Мамыр ауылындағы орта мектепте тарих-география пәнінің мұғалімі болған.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы бас­талған соң желтоқсан айында әскерге шақырылып, Тараз қала­сында жасақталған 105-қазақ ұлт­тық атты әскер дивизиясында штаб байланысшысы болған. 1942 жылы тамызда атты әскер таратылып, 152-гау­бица артиллериялық полкінің бесінші батареясының аға барлаушысы болып тағайындалған. Иваново облысындағы Горохо­вецкий лагерінде екі ай жедел жаттығудан кейін сол жылы қазан айында Сталинград майданына жөнелтілген.

Бұл полк 1942 жылы 19 қарашада Сталинградтағы фашистік Герма­ния әскерін қоршауға алу мақса­тындағы соғыс қимылдарына,содан кейін үшінші Украина майданында жау­дан елді азат етуге қатысқан. 1943 жылы соғыстың қызған тұсында бір сүйем жер үшін жан алып, жан берісіп жатқан кезде Днепр өзенінен өтіп, оның арғы жағындағы «плацдарм» алу шайқасында көрсеткен ерлігі үшін А.Бекназаров «За отвагу» медалімен,ал 1945 жылы нау­рыз айында «За боевые заслуги» медалімен, кейінірек Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Айтекең 1945 жылы 8 мамырда Аустрияның Грац қаласында соғысты Жеңіспен аяқтап, 1945 жылы желтоқсанда туған жері Төлеби ауданына оралған соң колхозшы болып жұмыс істейді.1947 жылы қыр­күйекте Алматыдағы екі жыл­дық заң мектебіне түсіп, оны 1948 жылы желтоқсан айында мер­зімінен бұрын бітіреді. Қар­тайған әке-шешесінің жалғыз ұлы болғандықтан, Көкшетау облыстық сотына мүшелікке барудан өз еркімен бас тартып, Шымкентте адвокат қызметін атқарады. Содан кейін 1951 жылы Мақтаарал аудандық сотына судья болып сайланады. Айтекең өзінің ақыл-парасатының, біліктілігі мен алғырлығының арқасында қатардағы судьядан аудандық соттың төрағасына дейін өскен.Осы аудандағы төрағалық қызметін 1964 жылдан 1982 жылдың маусым айына дейін абыроймен атқарып, құрметті демалысқа шыққан.

Айт­жан Тассейітұлы аудан­да әділ судья болып, абыроймен елге қыз­мет етіп, қоғамдық жұ­мыс­тарға да араласып, елдің бір­лігі мен ынтымағын сақтауға көп үлесін қосқанын Мырзашөл хал­қы өте жақсы білген және осы еңбегін ескеріп, оған Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы атағын берген. Бұл 300 мыңдай халқы бар үлкен ауданның А.Бекназаровқа және сотқа деген құрметі деуге болады.

Айтекең 40 жылдай заң саласында қызмет істеп, со­ның 32 жылын аудан­­дық сотта өткерген.Атамыз зейнеткерлікке шыққаннан кейін шығармашылық жұмыстармен айналысып, «Сұра­пыл жылдар», «Ақиқат және әдеп», «Елтай – елінің бір ұлы еді», «Тарихтағы ұлы тұлғалар» атты кітаптарын шығарды. А.Бекназаровтың «Сұрапыл жылдар» кітабында келтірілген деректерден қазақ халқының сол жойқын соғыс жылдары бір-біріне қайырымды, тілеулес болғандығын оқығанда жүрегің елжірейді. Оның сот саласына сіңірген еңбектері ескеріліп, Ұлы Отан соғысының 65 жылдық мерекесіне орай «Үш би» төсбелгісімен марапатталған болатын. Айтекең зейнеткерлікке шыққаннан кейін де сот жүйесінен қол үзбей, судьялармен қарым-қатынаста болып, қоғамдық жұмысқа араласып тұрды.Облыстағы, қаладағы түрлі жиындар мен іс-шараларға қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ өмі­рінің тарихы мен халқымыздың тұлғалары жөнінде және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елдің тыныс-тіршілігі туралы өзі­нің ой-пікірлерін білдіріп жүрді.

Бүгінде біздің азаматтық мін­детіміз – болашақ ұрпақты Ота­нын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары туралы түсінік беру арқылы отан­сүйгіштікке тәрбиелеу. Осы орайда біз әр жылы Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлері Августа Евстафьева, Жамал Шойбекова, Нина Кириченко және Жидегүл Ниязалиеваны қалалық, аудандық соттардың тарапынан өтетін мерекелік шараларға шақырып, сый-құрмет көрсетіп келеміз. Биыл да тыл ардагерлерінің үйлеріне баруды жоспарлап отырмыз.

Қа­лалық соттың мұражайында соғыс және сот саласының ардагері, Қазақстанның Құрметті судьясы, жазушы Айтжан Тассейітұлы Бекназаровқа арналған стенд ашылған. Ол жерге автордың төрт кітабы мен тағы басқа да құжаттары қойыл­ған.

Айнел ОРАҚБАЕВА,

Еңбекші аудандық сотының судьясы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *