Мамандығы бойынша жұмыс істейтіндердің көрсеткіші әлем бойынша оң деп баға беру өте қиын.Тіпті оған ресми статистиканы келтірмей-ақ, оңай көз жеткізуге болады. Ал егеркелтірер болсақ, біздің мамандар елімізде 2 миллионға жуық қазақстандықтың өзмамандығы бойынша жұмыс істемейтінін мәлімдеген еді. Сонда мұның себебі қандай?Бұл сұрақтың жауабын аймағымыздағы белді оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к, доцент Султанбекова Парида Сынабаевна мен т.ғ.к., доцент Есимов Есенбек Кауашовичтен сұрап білейік.
Мектеп түлектерінің дұрыс бағдар алып, мамандықты дұрыс таңдауына ықпалын тигізіп жүрген мамандардың айтуынша жастардың мамандықты дұрыс таңдамауы бұл мәселенің бірден-бір себебі бола алады. «Тағы бір жылды артқа тастап кезекті ҰБТ-ның уақыты жақындап қалды. Жастардың алдында «Қайда барамын кім боламын?» деген сауал тұрғаны рас. Мамандық таңдар алдында «ол маған не үшін керек?», «мен өмір бойы осы салада жұмыс істей аламын ба?», деген сұрақтарға жауап беріп, ойланғаны дұрыс. Ол үшін әрбір жоғары оқу орындарында 2-3 реттен ашық есік күндері болады. Кәсіби бағыт-бағдар беретін мамандар оқушылармен, талапкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Сол адамдардың кеңесіне жүгініп, білмейтін тұсын сұраса құба құп болар еді. Мамандық иесі болып шығу үшін ЖОО дипломын алу аздық етеді. Ол үшін әрбір түлектің бойында қабілет пен іскерлік, ізденімпаздық пен талапкершілік қасиеттері болуы керек, – дейді Султанбекова П.С.»
Осы орайда, аталған университетте «Кадастр және жерге орналастыру» бағыты бойынша 6В07350-Жерге орналастыру және 6В07360-Кадастр білім беру бағдарламаларының білім алушыларының келешегі мол. Себебі, білім беру бағдарламасының оқытушы профессор құрамы жоспардағы оқу әдістемелік, әлеуметтік тәрбие, өндірістік тәжірибе сынды бағыттар бойынша кең көлемде шаралар ұйымдастырылып, көздеген мақсатқа жету үшін тынбай еңбектенуде. Студенттердің білім деңгейі мен ізденімпаз тұрғыда дамыған маман ретінде қалыптасуына ерекше мән берілуде. Оқытушылардың кәсіби біліктілігін одан әрі тереңдете түсуге күш жұмсалуда. Тағы бір мақтанышпен айтатын жайт – біздің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы аталған кафедрамен жақсы қарым қатынас орнатып, аталған білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылары оқу орнын бітіргесін біздің мекемеге жұмыс жасауға жолдама алуда.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ
Шымкент қаласы бойынша филиалының
баспасөз қызметі.