Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандардымедициналық қамтамасыз ету тобының аға маман-санитариялық дәрігері Мемлекетбасшысының Құрмет грамотасына ие болды.
Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен түрлі саладағы қазақстандықтардың үлкен тобы Отанымыздың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалармен және грамоталармен марапатталды.
2020 жыл бүкіл әлем тарихында есте қалды. Коронавирустық пандемия вирустардың шығу тарихының құпия болмысының және медициналық қызметкерлердің бостандықтағы және бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтар үшін маңыздылығын айқын көрсетті.
Әділет майоры Ақжұлдыз Кенжебайқызы 2011 жылдан бастап Ішкі істер және қылмыстық-атқару жүйесі органдарында қызмет атқарады. Қызмет өткеру кезеңінде майор өзін адал, атқарушы қызметкер және сауатты маман ретінде жағымды жағынан көрсетті. Карантин кезеңінде жеке құрам мен арнайы контингент арасында Департаменттің санитариялық дәрігері covid-19 тестіне талдау алу жолымен кешенді профилактикалық жұмыс жүргізді. Жалпы, Ақжұлдыз Кенжебайқызының 400-ден астам қызметкері мен 1800-ден астам сотталушысы тексерілді. Күнделікті санитариялық-эпидемиологиялық тексерулер, астаналық ҚАЖ мекемелерінің аумағындағы барлық объектілерді дезинфекциялау, сотталғандарды тамақтандыруды, сумен жабдықтауды, материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды бақылау, оларға және жеке құрамға әдістемелік, сондай-ақ практикалық көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті медициналық қамтамасыз ету тобының аға маманының міндеттерінің толық спектрі осындай.
Бұдан басқа, қаланың аймақтық-вирусологиялық зертханасының қолдауымен Ақжұлдыз карантиндік бөлімшеде ұсталатын және қылмыстық-атқару жүйесінің басқа мекемелерінен этаппен әкетілетін арнайы контингентті диагностикалауға қатысады.
«Әділет — ақпарат».