АСЫЛ БАСТАУДЫҢ АСЫЛ СУЫ

Әр алуан
1 298 Views

Қасиетті қарт Қазығұрт тауының аңғарынан 350 метр тереңдіктен қазылған артезиан бастауынан асыл су шығарылды.

«Асыл су» деп атауымыздың себебі, судың сапасы Қазақ тағамтану Академиясының лабораториялық зерттеулерінің қорытындысы бойынша химиялық құрамы көрсеткіші жағынан Қазақстандағы өндірілетін ауызсулардың сапасымен салыстырғанда, ең жоғары сападағы ауызсу екені анықталды. Сондықтан «АСЫЛ-бастау.kz» ЖШС мекемесі осы өндірілген суға Халықаралық тілде «AGUA THE BEST» атауын берді және «Асыл бастау» деп те аталды.

Судың сауда-саттыққа алғаш шығарылуына байланысты халықтың әл-ауқат жағдайын ескере отырып, сапасы жоғары дәрежеде тұрса да, сатылу бағасы ыдыс мөлшеріне қарай төмен бағада қойылып отыр.

Бүгінгі күнде әлем халықтары, оның ішінде біздің Қазақстан халқы да ауызсу тапшылығын көріп отыр. Алдағы уақыттарда ауызсу тапшылығының арта түсетінін әлем ғалымдары дәлелдеп, бұл проблеманың шешілу жолдарын қарастыруда. Алысқа бармай-ақ, тау жағалаған аудандар болмаса, облыстың оңтүстік аймақтағы аудандарының халқы және де басқа шөл-шөлейтті, құрғақшылығы мол табиғаты сусыз өңірлер, су тапшылығының зардабын көріп отыр. Халықтың әл-ауқат жағдайы әлемді шарлаған жұқпалы аурудың кесірінен төмендеп кетті. Осындай қиындық кезде халыққа қайырымдылық көрсету мақсатында туған жерден ауызсу шығарып, арзан бағада халыққа таратуды жөн деп таптық.

Адам баласы қандай қиындық болса да жолын, көзін тауып, жұмыс жүргізсе, қиындықты жеңуге болады. Халық бұл індетті де жеңеді, тұрмыс та түзеледі, ынтымақ, бірлігіміз болса, кездескен кедергілерді жеңеміз. Біз міне «несие» алып, ауызсу шығарып, халыққа қамқорлық көрсетіп отырмыз, «Халқымызда пайда ойлама, ар ойла» деген қағида бар, сондықтан ауызсудың төмен бағада сатылуы халыққа деген қамқорлықтың нәтижесі деп түсіну керек. Алыпсатарларда шырылда-ған ана, жылаған баланың аузынан жырып алмай, нысапты, қанағатшылдықты естен шығармау қажет.

Су – өмір бастауы, сусыз тіршілік жоқ, қазақта «судай сереп бол» деген қағида ысырапшыл бол деген сөз емес, ол барды бағалай біл, шашып төкпе, құндылығын қысылғанда білетінін ескерту деп ұғынған жөн. Табиғи, тау асты суының қадір-қасиеті жоғары екенін ғылыми сараптамалар анықтаған соң, ел игілігіне жаратуға мүмкіндік туғызып отырмыз. Бұл ауызсу ауыл, аудан, қала, облыс көлемінде таратылып халықтың ауызсуға деген мұқтаждығын шешеді.

Сауда орындары, жекелеген азаматтар мына телефон нөмірі +7 705 884 42 22 арқылы тапсырыс беріп алдыруға мүмкіндігі бар.

С.ҚҰНАНБАЕВ,

«АСЫЛ-бастау.kz» ЖШС мекемесінің директоры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *