ТІЛДІК ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫНЫҢ РӨЛІ

Білім
856 Views

1992 жылы ұйымдастырылған Шығыстану институтыныңқұрамында алғашқы ашылған кафедралардың бірі – қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы болды. Іргесі институтпен бірге қаланып, еліміздегі мектептерді 30 жылға жуық жоғары білімді қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқан іргелі кафедраның бірі.

1992-1999 жылдар аралығында Қазақ филологиясы кафедрасын Қайырбекова Ұлбосын Серікқызы, Қазақ әдебиеті кафедрасын ф.ғ.д. Сыздықов Керімбек Сыздықұлы басқарды. Аталған кафедралар 2007 жылы біріктіріліп, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы деп аталды.

Кафедраны ф.ғ.к. Темірбекова Гүлжамила Қамбарбековна басқарды. 2014 жылдан бері кафедра атауы Тілдік пәндер кафедрасы деп өзгертіліп, филология ғылымдарының кандидаты Бейсенбаева Раушан Хамзақызы басқарды.

2019 жылдан бастап ф.ғ.к. Ақылбаева Гүлнар Исламқызы басшылық жасап келеді. Осы күнге дейін мамандық түлектері қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының бакалавры дәрежесіне ие болып, еліміздің барлық аймақтарында жоғары және жалпы білім ордаларында, бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етуде.

Кафедра келесі мамандарды дайындайды:

5В011600 — «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының бакалавры.

5В01700 — «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының бакалавры. 6М011700 — «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Білім магистрі академиялық дәрежесін беру арқылы мамандарды даярлауға бағытталған.

Білім беру бағдарламасының мақсаттары айқын, білім беру жүйесінің барлық бағыттарын қамтиды

Кафедраның мақсаты филология және әлеуметтік бағыттар бойынша бәсекелестікке қабілетті, білім беру, мәдени ұйымдарда және басқа салаларда кәсіби қызмет етуге дайын мамандарды даярлауға бағытталған.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының білім беру бағдарламасы бойынша оқу процесі толықтай жоғары білікті кадрлармен қамтылған. Жылдар өткен сайын кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылыми дәрежесі бар үздік мамандармен толығып, оқыту-әдістемелік, ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері арта түсуде.

Кафедра профессор-оқытушылары қазіргі тіл білімі және әдебиеттану Сейсенбай ағаймен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Университет жанынан «Түркология» ғылыми орталығы ашылып, 2019 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр. Ол орталықты түрколог-ғалым Құдасов Сейсенбай Жолайұлы басқарады. Кафедраның «Түркология орталығымен бірлесе қолға алған «Ортатүркі жазба ескерткіштері тіліндегі этномәдени лексика және оның қазақ тіліндегі көрінісі: тарихи-этнолингвистикалық талдау» тақырыбындағы ғылыми жобаны зерттеумен айналысады.

Сондай-ақ студенттердің ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстарына жетекшілік етіп, бағыт-бағдар береді. Жылда оқу орнында дәстүрлі түрде өтетін «Юнусов атындағы білім гранты» ғылыми жобалау байқауына студенттер дайындайды. Қазіргі кезде қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша бес студент грант жеңімпазы атанып, шәкіртақымен қамтамасыз етілген.

«Тілдік пәндер» кафедрасына бекітілген оқу аудиториялары заман талабына сай көрнекі құралдармен, техникалық (интерактивті тақта, т.б.) жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында білім алушылар тіл білімі мен қазақ әдебиеттануы бағытындағы мерзімді басылымдарды, электронды оқу құралдарын, ғылыми-зерттеу еңбектер мен көркем әдебиеттерді еркін пайдалана алады.

Кафедра профессор-оқытушыларының атқарған еңбектері еленіп, түрлі номинациялар бойынша бағалануда. Кафедра меңгерушісі Ақылбаева Г.И. филология ғылымының кандидаты, доцент міндетін атқарушы «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жылдың үздік ұстазы» атты республикалық байқауының жеңімпазы атанып, І дәрежелі дипломмен және «Жылдың үздік ұстазы» (2019) атты медальмен марапатталды.

Студенттер түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

Қазақ тілі мен әдебиеті – ұлттың, болашағымыздың айнасы. Болашақтың тұтқасы білімді ұрпақ қолында.

М.А.КӨПБОСЫНОВ,

Филология ғылымдарының кандидаты,

Тілдік пәндер кафедрасының доценті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *