ЭТНОСАЯСАТТЫ ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Қоғам
873 Views

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі-нің 30 жылдығына орай және толеранттылықты насихаттау мақсатында қалалық ұйғыр этномәдени бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясының «30 игі істер» қайырымдылық жобасы аясында аз қамтылған 25 отбасыға азық-түлік жиынтығы себеттерін таратты.

Сонымен қатар Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен қалалық этномәдени бірлестіктер мүшелерінің қатысуымен этносаралық келісімді нығайту үшін Абай ауданы, Жас Дәурен тұрғын алабындағы түрлі этностар тұрғындары арасында мемлекеттік этносаясатты түсіндіру бойынша кездесу өткізілді. Осындай бағыттағы түсіндірме жұмыстары «Автонұр» базары аумағындағы сауда-саттықпен айналысатын қырғызстандық азаматтармен жүргізілді.

* * *

Шымкент қаласының халқы бүгінге 1 066 333 адамды құрайды. Оның ішінде ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 715 645 (67,7%), өзбектер – 191 971 (17,7%), орыстар – 95 074 (9,1%), әзірбайжандар – 19575 (1,7%), татар-башқұрттар – 10 873 (1,1%), түріктер – 7 927 (0,7%), корейлер – 6 724 (0,6%), күрділер – 3 626 (0,3%), ұйғырлар – 1 849 (0,2%), шешен-ингуштар – 1 481 (0,1%), немістер – 1 209 (0,1%), ирандар – 877 (0,1%), гректер – 619 (0,1%), грузиндер – 289 (0,03%), армяндар – 296 (0,03%), еврейлер – 155 (0,01%), басқа да этностар саны – 5 918 (0,6%).

Айта кетейік, этностар арасында:

өзбектер – Сайрам, Қызылжар, Қатын көпір, Тұрлан, Забадам, Бадам, Химфарм, Базарқақпа, Абдуллабад, 112-орам, Қорғасын 1, 2, Ынтымақ-1, 2, шағынаудандары мен тұрғын алаптарында; әзірбайжандар – Ынтымақ, Қатын көпір, Тәуелсіздікке 20 жыл, Қаратөбе, Қарабастау шағынаудандары мен тұрғын алаптарында; күрділер – Жыланбұзған, Маятас, Тоғыс, Жасдаурен тұрғын алаптарында жинақы шоғырланған.

жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту саласында бірнеше іс шаралар өткізіліп келеді. Мәселен, Шымкент қаласының этнос өкілдері тығыз шоғырланған елді мекен тұрғындары арасында мемлекеттік этносаясатты түсіндіру мақсатында Ынтымақ, Құрсай тұрғын алаптарында ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің кездесулері өткізілді.

Абай ауданының Қатынкөпір шағынауданында өткен кездесу барысында түрлі келіспеушіліктерге жол бермеу мәселелері айтылып, мемлекеттік этносаясатты түсіндіру жұмыстары айтылды.

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, «Қоғамдық келісім» КММ кызметкерлері және қалалық этномәдени бірлестіктердің мүшелері Әл-Фараби ауданының Забадам шағын ауданында мемлекеттік этносаясатты түсіндіру бойынша карантиндік талаптарды сақтай отырып кездесу өткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *