«ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖАҚСАРАДЫ»

Қоғам Құқық
519 Views

Қазіргі кезде жастар арасында темекі тарту, алкогольдік ішімдікке әуестену жайттары орын алуда. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы №30 жалпы орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына қалалық әкімшілік қызметкерлері және спорт мектебінің ұстаздары мен психолог және нарколог дәрігерлерді шақырып, Еңбекші АПБ ЖПҚБ Ювенальды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны И. Алимов салауатты өмір салты туралы толығырақ түсіндірді.

Басқосуда, жасөспірімдер арасындағы спорт саласын дамыту және түрлі алкогольдік және темекіге тәуекелдікті болдырмау, алдын алу тақырыбында лекция оқылды. Сондай-ақ оқушылардың көкейтесті сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

Осы орайда, №30 жалпы орта мектептің ұстаздары мұндай маңызы мол кездесулер жиі ұйымдастырылса, жасөспірімдерді тәрбиелеу жақсарады деп, ерекше атап өтті. Ал Шымкенттік полицейлер жастар арасында зиян және теріс қылықтарға қарсы бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта да ұдайы ұйымдастырылатынын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *