ШЫМКЕНТТІҢ МӘДЕНИЕТІ ТҰҢҒИЫҚҚА ТҮСІП КЕТТІ

мәдениет Мәселе
793 Views

Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасында тағы да шу: сәрсенбі күні түс ауа аталған басқарма басшысының міндетін атқарушы Демеуғали Бақов ұсталды деген сыбыс тарады.

Басқарманың баспасөз хатшысы бұл ақпаратты растаған жоқ, дегенмен жоққа да шығармады. Сы-байлас жемқорлыққа қарсы қызмет те әзіргеүнсіз. Дегенмен «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды»: Мәдениет басқармасындағы былықтың түбі бір ақтарылатыны анық еді.

Мемлекеттің миллиондары желге ұшып, «белгісіз» жекенің мүддесіне жұмсалып жатыр деп республикада алғаш болып мәселе көтерген – біздіңредакция болатын. Иә, осыдан 2 ай бұрын «Әділет. Рухани жаңғыру» газетіндеШымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қатыстыбірнеше мақала жарияланды. Онда осы басқармаға қарасты бірнеше мәдениетмекемелері-нің басшылары мен бір топ қызметкерлер бұған дейінгі басшы Ханзада Есеновадан қысым көрдік деп шағымданғаны жазылған еді. Сондай-ақ, күрделіжөндеуге жатпайтын мекемелерге модернизация сылтауымен бюджеттен миллиондағанқаржы бөлдіріп, бұл құжаттарға мәжбүрлеп қол қойдыртатыны айтылған. Заңсыз(әлде жөнсіз) құжатқа қол қоюдан бас тартқандар қысым мен қудалауға ұшырап,жұмыстан қуылған. Бірақ, түрлі құйтырқылықпен құжатқа қол қоймай, алқызметтен қуылғандарды «өз-дері айыпты» дейтін Ханзада Есенова жауапқа тартылмай, бар болғаны орнын босатып қана қоя салған еді.

«Демеуғали Бақов ұсталды!» деген сыбыс, ендеше, «желсөз» емес! Басшы да емес, бар болғаны оның міндетін атқарушы азаматтың тапа-талтүсте тұтқынға түсуі Х. Есенованың орнына қол қойған кездегі жауапкершілікболса таңқалмаймыз. Себебі ерте ме, кеш пе, Шымкенттің Мәдениет басқармасындаорын алған жайттарды, мәдениет майталмандарының шырылдап айтқан шындығы менашына жазған арызына құлақ асып, ондағы ақ пен қараны анықтайтын кез келді!Халықтың – сіз бен біздің салығымыз есебінен жиналған қаржыны жөнсіз идеяларғажұмсайтын Шымкенттің бюджеті – жекеменшік әмиянға айналмауы тиіс. Бұл реттеқұжат-қа қол қойған адамдар ғана емес, соған ықпал еткен басшылар да жауапқатартылуы керек. Олай болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы басқарманыХанзада Есенова басқарған жылдардағы құжаттарды толық та жіті тексеріп, кезінде осы басшыдан қысым көрдім деген әр қызметкердің шағымын мұқият қаралуынталап еткен жөн. Сонда Шымкенттің мәдениет саласын «майшелпекке айналдырған»талай былықтың беті ашылатыны анық.

Айтпақшы, Демеуғали Бақов та «сау сиырдың б@ғы емес»:бұған дейін мәдениет саласында бір күн де істеп көрмеген бұрынғы спорт менеджері қа-рамағындағы қызметкеріне дене жарақатын салып, айыпты болғаназамат. 2021 жылдың 9 тамызында Шымкент қаласының мәдениет басқармасында жан-жалшыққан. Жанжал кезінде Демеуғали Бақов «Тарихи-мәдени кешен» МКК директоры Саттар Мәжитовке жеңіл дене жарақатын салған. Дәл осы жарақат туралы ақпаратәрқилы, бір мәліметтерде ол қызметкердің бетінен ұрған делінеді. Енбі бірінде«ол өзінің қызметкеріне күш қолданған. Яғни, жан-жалдасып тұрып мойнынқылқындырып, жеңіл дене жарақатын салған» деп көрсетілген. Тәртібі Әдепкодексінде қаралған ол қатаң сөгіс алып, 43 мың теңге айыппұл төлеп құтыладыда, көп ұзамай – Х.Есенова қызметінен кеткенде «И.О.» болып шыға келеді.

Қалай десек те, Шымкенттің Мәдениет саласы мәдениетті басшыға жарымай-ақ қойды. Ал Ханзада Есенованың жауапқа тартылатын күні алыс емес!

Нұр-Қасым ӘЛІМБАЙ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *