323 Views
Биыл Түркістан облысы, Шардара ауданында 8500 гектарға жуық бақша алқабы егіліп, одан 222 мың тоннадан астам өнім жинаймыз деген сенімде. Шардараның диқандары мен кәсіпкерлері қарбыздың биылғы алғашқы түсімін жинап, нарыққа шығарып үлгерді. Қазіргі уақытқа дейін аудан диқандары 5300 тонна бақша өнімін өз еліміздің аумағына және Ресей, Моңғолия және көршілес мемлекеттерге экспорттады. Диқандар эспорт көлемі алдағы уақытта арта түсетінін айтып отыр.Сондай-ақ, биыл қарбыздан басқа да бақша өнімдерін экспорттау қарқыны жақсы.
Шардарада биыл қарбыз қоры мол. Тұтынушылар мен кәсіпкерлер егістік алқабының басынан қарбыздың бір келісін 105-110 теңге аралығында сатып алып жатыр.