КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСЫ ТӨМЕНДЕДІ

Қоғам Құқық
575 Views

Қаратау ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп жүргізілген профилактикалық іс-шаралары нәтижесінде кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты қылмыстардың төмендеуіне қол жеткізді.

Қаратау ауданы бойынша 2021 жылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты 22 қылмыс тіркеліп, сотқа жолданған.

29.09.2021 жылы Шымкент қаласы прокурорының төрағалығында құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың қатысуында кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты қылмыстардың алдын алу, оларды тіркеу және сот-тергеу тәжірибесінің тиімділігіне қатысты өткен Үйлестіру кеңесінің шешімімен жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары мен аудан прокурорларына қажетті профилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы тапсырмалар берілді.

Осы орайда Қаратау ауданы прокуратурасы, білім басқармасы және Қаратау аудандық полиция басқармасымен бірлесіп оқу орындарында құқықтық тақырыптарда дәрістер, түнгі уақыттағы тұрғын-жайдан тыс жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында биылдың өзінде 60-тан астам рейдтік іс-шаралар жүргізіп, 700-ден аса әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтап, олар бойынша кәмелетке толмағандар мен заңды өкілдері жауаптылыққа тартылған.

Жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде аудан көлемінде осы жылдың 5 айында кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты 4 қылмыстық іс қозғалып, былтырғы жылмен салыстырғанда 66,6 пайызға төмендеген.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды жасаған тұлғалар қатаң түрде жазалануда.

Мысалы, 28 жасар азамат 2021 жылы Шымкент қаласы «Нұрсәт» мөлтек ауданында орналасқан пәтерлердің бірінде жәнеде басқада тұрғын үй-жайларда 2008 ж.т. жасөспірім қызға қатысты бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыскер жасөспірім қызды ұрып-соғып, өлтіретіндігін айтып қорқытып, барлық заңсыз әрекеттерін өзінің ұялы телефонына түсіріп алу арқылы ұзақ уақыт бойы сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап келгені анықталған.

Аудандық полиция басқармасы қылмысты 10.11.2021 жылы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген сәттен бастап, прокурорлық қадағалауды сапалы қамтамасыз ету мақсатында Қаратау ауданы прокуратурасынан процесс прокуроры айқындалған.

31.12.2021 жылы тергеу амалдары аяқталып, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданған.

13.04.2022 жылғы Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотты болды.

Тағайындалған жаза қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеуге белгіленген.

Осылайша Шымкентте тағы бір әділетті сот актісі шығарылып, қылмыскердің темір торда отырып, өз әрекетіне өкінуіне, түзелу жолына түсуіне өз әсерін тигізетін болады.

Қала тұрғындарын жас балаларын жыныстық қол сұғушылықтың құрбаны болмауының алдын алу бағытында тәрбиелеу жөніндегі міндеттеріне ұқыпты қарап, балаларының бос уақытта қайда жүргендерін үнемі бақылауда ұстауларын және баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына онды көзқарас қалыптастыру, біліктіліктің жоғары болуына ықпал жасауға шақырамыз.

Қаратау ауданының прокуратурасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *