ДИХАННЫҢ ҚАЗЫНАСЫ ЖЕР

Қоғам
396 Views

Сайрам ауаны әкімі Ұласбек Садібеков Қарамұрт ауылдық округіндегі өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған және отбасылық кәсіпті дамытқан «Мехнат-21» өндірістік кооперативіне қарасты 2 өнім алынатын алқаптың жұмысымен танысты. Кооперативте қазір жиырма адам жұмыспен қамтылған.

Аталған кооперативтің басшысы Тайжанов Абрордың сөзінше, жер көлемі 5 гектар аумақты құрайды. Жерінен бірінші айналымында 1000 бумаға жуық жоңышқа алынды. Екінші айналымында сүрлемдік жүгері егіліп, өсірілуде. Алдағы уақытта әр гектарынан 40 тонна көлемінде өнім алынатыны күтілуде. Ағын су және техника жеткілікті.

Аудан әкімі ауыл шаруашылығында өндірілетін өнімдердің сапасы мен сұранысын, сонымен қатар өнімділікті арттыру бағытында жұмыстарды жалғастырудың қажеттілігін атап өтті.

Диханшылыққа арналған мемлекеттік қолдаулар және өзге де көмек түрлерін ұсынды. Айта кетелік, аудан бойынша биылғы егілген дәнді бұршақты дақылдардың егіс көлемі 19 781 гектар болса, соның ішінде дәндік жүгері 260 гектарды құрайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *