ҰСТАХАНАНЫ АСХАНАҒА АЙНАЛДЫРҒАН МЕКТЕП

Мәселе
725 Views

Шымкент қаласында №23 мектеп лицейі қаладағы маңдайалды мектептердің бірі. Зоя Космодемьянская атындағы білім ошағы оқушылардың білім рейтингісі жағынан көш ілгері келе жатқан. Алайда мектептің олқы тұсын айтқаны үшін жұмыстан шығарылған Жандарбек Әбішев есімді азамат редакциямызға шағым айтып келді. Оның айтуынша, кіші қызметкерлердің құрал саймандарын қоятын мектепішілік ұстахана қазір асханаға айналған. Мектептегі бұл кемшіліктерді шырылдап басшылыққа айтқан Ж.Әбішовті ештеңеге қарамай жұмыстан босатып жіберген. Ол екі жарым ай бойы осы мектепте күзет қызметін атқарады. Мән-жайды білмек болып білім ордасына барғанымызда мектеп қызметкерлері дөрекілік танытып, сұхбат беруден бас тартты. ҚР Конституциясының 20-бабы, ҚР «Бақ туралы» заңының 18, 20-баптарында журналистердің құқықтары туралы жазылады, мұнда журналист ақпаратты іздестіруді жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға құқылы делінген. Ал мектеп басшысы еңбек демалысында болғандықтан қоңырау шалып ала алмадық.

Арызданушының айтқандары қаншалықты шындыққа жанасатынын білмек болып кіші қызметкерлердің ұстаханасын көргенімізде үйсіз-күйсіз жүргендердің жер төлесі ме деп қалдық. Шашылған қоқыстар, жуылмаған ыдыс-аяқ, электр плитасы, тіпті жұмысшылар жатын бөлмеге айналдырғанына көз жеткіздік. Ал арызданушы Жандарбек Әбішіев мектепте бұдан да өзге шешімін таппай тұрған мәселелер шаш етектен дейді.

Мәселенің мән жайын айтып аталмыш мектепке Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасарын шақырттық. Мектепте түсірілім барысында директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Ернұр Есенғазин арызданушының берген ақпараты жалған деп отыр.

Десек те, 300 орынға арналған мектептің жаңа оқу ғимараты 2021 жылы пайдалануға берілген. Содан бері мектеп жертөлесін су басып жатқанына біраз уақыт болыпты. Мектеп әкімшілігі жауапты мекемелерге хат жазғанымен мардымды жауап ала алмай отырмыз дегеннен әрі аса алмады. Сен саларда мен салар атқа жемді кім салардың кейпіне енген білім ордасының бүгінде сиқы сын көтермейді. Ал оқу жылының басталуына санаулы күндер қалса, оқушылар жер төлесінде суы бар ғимаратта оқитын түрі бар. Балалардың өмір қауіпсіздігіне кім жауапты?

Бағлан ДӘУРЕНБЕКОВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *