Адам саудасы – қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі, ол ежелгі құлдықтың заманауи нысаны, адам құқықтарын бұзу және жеке адамға да, мемлекетке де қарсы қылмыс, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлік қызмет түрлерінің бірі болып табылады.
Адам саудасының мақсаты жыныстық қанау, мәжбүрлі еңбекке тарту, транспланттау үшін ағзалар мен тіндерді алып қою, заңсыз асырап алу және басқа да қызметтер көрсету болып табылады.
Онда қылмыстық әрекеттер салдарынан физикалық және психологиялық зиян келтірілетін әйелдер мен балалар жиі құрбан болады.
Адам саудасының құрбаны болмау үшін:
— жеке басыңызға қатысты құжаттарды ешкімге сеніп тапсырмаңыз;
— шетелде жұмыс, оқу немесе неке туралы кездейсоқ және таныс адамдардың жағымды ұсыныстарынан аулақ болыңыз;
— шетелде жұмыс ұсынатын агенттіктің ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берген заңды лицензиясы бар екеніне көз жеткізіңіз;
— жұмысқа орналасу кезінде міндетті түрде жұмыс берушімен шарт жасасып, туыстарыңызға жұмыс берушінің толық сауалнамалық деректері мен байланыстарын, сондай-ақ жұмыстың орналасқан жерін қалдырып, хабарлаңыз;
— күмәнді, бейтаныс адамдардың алдауына түспеңіз және олардан қарыз алмаңыз, қарызды беру және қайтару шарттарын бірден келісіңіз.
Заңмен адам саудасы қылмыстарын жасаған тұлғаларға төрт жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.
Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз және таныстарыңыз адам саудасының құрбаны болса, прокуратура немесе полиция органдарына хабарласыңыздар!
Қаратау аудан прокуратурасы