ӨРТТЕН ҚОРҒАНУДЫҢ ЕҢ БАСТЫ ТӘСІЛІ

Қоғам
472 Views

Өрт пайда болғанда сөндіруден бұрын, оның алдын алу өте тиімді.

Өрттен қорғанудың ең басты тәсілі – қарапайым техникалық ұқыптылық пен тұрғындардың тұрмыстық мәдениетінің жоғары болуы. Егер әрбір тұрғын өзінің қоршаған ортасында сақтық шараларын сақтаса, өз аумағын өрттен көбірек сақтайды.

Өрттің алдын алу ережелері:

– Жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеуден өткізіп, мұржаларды күл-қоқыстан айына кемінде бір рет тазартып тұрыңыз;

– Қатты отын пайдаланатын пеш есігінің алдын өлшемі 50х70 см. кем болмайтын жанбайтын материалмен қорғаңыз;

– Пешке тамызғы ретінде тез жаңғыш сұйықтықтарды қолдануға жол бермеңіз;

– Үйде, тұрмыста газ құбырларын мамандарға тексертіп отыру;

– Сіріңке мен жандырғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;

– Электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың және ток көздерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз;

– Қыздырғыштарды киім-кешек кептіру үшін пайдаланбаңыз;

– Үйді жылыту үшін газ плиталарын қолданбаңыз;

– Үйден шығарда барлық газ және электр қондырғыларының өшірілгеніне көз жеткізіңіз;

– Балаларды қарусыз жалғыз қалдырмаңыз;

– Төсек орында темекі шекпеңіз, темекі қалдықтарын балкондар мен терезелерден лақтырмаңыз;

-Дайындалып жатқан тамақтың плитада бақылаусыз қалуына жол бермеңіз;

Есте сақтаңыз! Өрт тек материалдық шығын әкеліп ғана қоймайды. Ол адам денсаулығы мен өмірін жалмауы мүмкін. Ал еліміздің басты қазынасы – адам және оның өмірі.

Бәйдібек Әбілқасым,

Абай ауданы төтенше жағдайлар

басқармасының инженері, азаматтық

қорғау аға лейтенанты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *