ШАРУАЛАР ЖЫЛЫНА ЕКІ РЕТ ӨНІМ АЛДЫ

Қоғам
423 Views

Түркістан облысында «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Сарыағаш ауданында да бұл бағытта жүйелі жұмыс бар. Аудан әкімі М.Отаршиев Ынтымақ елді мекенінде орналасқан «Абдуназар» шаруа қожалығына қарасты жылыжай жұмысымен танысты. Шаруа қожалығының төрағасы Ш.Раймназаров өзінің иелігіндегі үй іргелік жер учаскесіне 0,22 га жылыжай тұрғызып, бүгінде мол табыс тауып отыр.

Бірнеше жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысып жүрген азамат бір өсімдіктен жылына екі рет өнім алу мақсатында жылыжайға 2021 жылғы желтоқсан айында «Блек перу» сұрыпты баялды (баклажан) көшеттерін отырғызған. Биыл жыл басында 15 тоннадан астам бірінші өнімді жинап алғаннан кейін көшеттің сабағын қырқып, яғни бір көшеттен екінші өнім алуға дайындаған. Еткен еңбек оңынан келіп, бүгінгі таңда шаруашылық бір көшеттен екінші рет 15 тоннадан астам өнім жинап отыр.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласы өкілдерінің еңселі еңбектерінің нәтижесінде 2022 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 104,4 млрд. теңгені құраса, ауыл шаруашылығы саласына 5,9 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бүгінде аудандағы жылыжай көлемі 683,2 гектарды құрап, осы жылыжайлардан 140 мың тоннадан астам өнім жиналды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *