Редакциямызға Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында «Ақтау» жалпы білім беретін мектеп ұстаздары атынан бір бума шағым келіп түсті. Олар мектеп директорының Арман Пайызхановтың жұмыстан кетуін талап етуде. Осы мектепқабырғасында ұзақ жылдар бала оқытып, ұстаздық қызмет атқарып келе жатқан біртоп мұғалімдер осыдан алты ай бұрын тағайындалған жаңа басшының іс-әрекетінеқапалы.
Неге десеңіз, жаңа директор келе салып, қоқан-лоққыкөрсеткен, ұжымның берекесін қашырып, тіпті қорлық көрсетіп келгенін де айтып отыр. Олардың сөзінше, Арман Пайызханов педагогтарға дөрекі сөздер айтып, тіптіоқушылардың көзінше ар-намысына тиетін көрінеді. Сабақ оқытып жатқан мұғалімніңкабинетіне кіріп келіп, оқушылардың көзінше:
— Сен сауатсызсың! – деп айқайлайтыны, бала алдында жасы үлкенді жерге тығатыны тәжірибелі ұстаздардың жүйкесін жүндей түткен. Ол аздай басшы айтқанына көніп, айдауына жүрмеген қызметкерлерге қатаң сөгіс беріп, сағатын қысқартып келген.
Мектептегі даудың басы мұғалімдерге заңсыз сағат бөлуден басталыпты. Көрші мектептен ротация арқылы ауысып келген жаңа басшы қызметіне кірісе сала осындай заңсыз әрекетке ашықтан-ашық барды дейді мұғалімдер. Тіпті Арман Пайызханов мырза ер мұғалімдерді еркінен тыс шаруа қожалығына апарып мәжбүрлі түрде жұмыс істетіп келіпті. Ал, басшы айдауына көнбегендерді қысымға алып, сағатымды заңсыз қысқартты дейді шағымданушылар.
Одан бөлек, мектеп басшысы бір айға ақысыз демалысқа шыққан қызметкердің де айлық жалақысын шаруашылық меңгерушісіне заңсыз аударып отырған. Яғни бір айда бір қызметкерге 2 штат заңсыз беріліп келген. Мұны шаруашылық меңгерушісінің өзі де растап отыр.
Ұстаздарды алаңдатқан мәселенің мән-жайын мектеп директоры Арман Пайызхановтың өзінен сұрап білу мүмкін болмады. Себебі мекеме басшысы денсаулығының сыр беруіне байланысты ем қабылдауда екен. Осыған байланысты бірінші басшымен тек телефон арқылы ғана тілдесе алдық. Журналистерге ағынан жарылған мектеп басшысы ұжымының шағымы негізсіз екенін алға тартып ақталғандай болды.
Ал Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі аудандық прокуратураның араласуынан кейін ғана тексеру жұмыстарын жүргізген. Аудандық бөлім бөлімі басшысының айтуынша аталған мектепті тексеру барысында мектеп ұжымының арызында көрсетілген 23 кемшіліктің жиырмасы орын алғанын растап отыр.
Ендеше мектеп директорынан қорлық көрдік деген 30-ға жуық мектеп ұстаздары директордың жұмысынан кетуін талап етуі орынды. Басшылыққа келгеніне жарты жыл ғана болған ол осыған дейін көрсеткен қорлығы мен заңсыздықтары үшін заң алдында жауап берсін дейді. Ол үшін аудандық прокуратураға да арызданған. Енді мұғалімдерге қорлық көрсеткен басшының іс-әрекетін құзырлы орындар анықтап жатыр. Ал, бұл мәселе әрі қарай да біздің назарымызда болмақ!