БАЛАБАҚШАДАҒЫ БЫЛЫҚТАР

Білім Мәселе
615 Views

немесе мемлекет қаржысына жасалған қиянат

2021 жылғы желтоқсан және 2022 жылғы қаңтар, наурыз айларында Түркістан облыстық білім басқармасы балабақшаларға мониторинг жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 1-6 жас аралығындағы 155 810 баланың нақты балабақшаға барып жүрген бала саны 152 845 екені анықталған. Яғни, 2965 бала мониторинг кезінде балабақшада болмаған, құжаттары жоқ, және жұмыс істемейтін балабақшаларда тіркеліп тұрған.

Нақтырақ айтқанда, балабақшалардың құрылтайшылары тізімде бар, бірақ балабақшада жоқ бала үшін мемлекеттен қаржы алып отырған. Мысалы, басқа өңірлерге қарасты ауылдарда әр балаға 45 мың, қалалық жерде 41 мың теңге төленсе, Түркістан облысында әр балаға 25 мың теңгеден төленген. Салдарынан 100 млн-ға жуық қаражат қолды болған.

Жекеменшік балабақша салып, мемлекеттік тапсырыспен қаржы алған кейбір «қомағай» кәсіпкерлер заңды белшесінен басқан. Сол кездегі салаға жауаптылардың құйтырқы әрекеттерінің соңы қылмысқа әкеліп отыр. Мемлекетке шаш етектен шығын әкелген жауаптылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Жекеменшік балабақшалардағы жоқ балаларға қаражат алып отырған жауапты мамандардың Заң алдында жауап берер уақыты келген сыңайлы. 2965 баланы аудан алып, жасанды құжат жасатып, бос тұрған балабақшаларға тіркеп, оңай олжа тапқысы келетіндердің артында тұрған, яғни «крыша» болғандар бүгінде сен тимесең мен тименің кебінін киіп шалқып тасып өмір сүріп жүргендері тағы бар. Осындай олқылықтардың орын алуына байланысты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыстағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалар санын нақтылау мақсатында облыстық кәсіпкерлік палатасымен бірлесе жұмысшы топ құрып, Заң аясында мониторинг жүргізу туралы хаттамалық тапсырма берді.

Мемлекетке шаш етектен шығын әкелген жауаптылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс. Жекеменшік балабақшалардағы жоқ балаларға қаражат алып отырған жауапты мамандардың Заң алдында жауап берер уақыты келген сыңайлы. 2965 баланы аудан алып, жасанды құжат жасатып, бос тұрған балабақшаларға тіркеп, оңай олжа тапқысы келетіндердің артында тұрған, яғни крыша болғандар бүгінде сен тимесең мен тименің кебінін киіп шалқып-тасып өмір сүріп жүргендері тағы бар. Осындай олқылықтардың орын алуына байланысты Түркістан облысының әкім Дархан Сатыбалды облыстағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалар санын нақтылау мақсатында облыстық кәсіпкерлік палатасымен бірлесе жұмысшы топ құрып, Заң аясында мониторинг жүргізу туралы хаттамалық тапсырма береген болатын.

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес жылына бір рет мемлекеттік тапсырыс алып отырған балабақшаларға жоспарлы мониторинг жүргізілу туралы 2022 жылғы 2 желтоқсанда Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының « Жоспарлы мониторингтің жұмыс тобын құру туралы» №235 бұйрығы шыққан болатын. Ал 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Түркістан облысы әкімінің 152 845 балаға мемлекеттік тапсырыс беру туралы №185 қаулысы шыққан. 6 топтан тұратын мониторингтік топ мүшелері 17 қала аудандардағы 846 жекеменшік балабақшаға сараптама жүргізді.

Бүгінгі таңға аталған мемлекеттік тапсырыс қаражатын балабақшаларға «SmartNation BALABAGSHA» порталында қаулыда көрсетілген тарифтеумен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың есебін жүргізу қарастырылды. Осы жұмыстың нәтижесімен бүгінгі күні 152 845 баланың нақты отырғаны 146 602 екені анықталып отыр.

Мониторингтің 6 тобының құрамында болған білім басқармасының маманы Сайрам, Төлеби, Түлкібас аудандарында да бірқатар жекеменшік балабақшаларда кемшіліктер орын алды дейді. Мәселен бала санының балабақшада көрсетілген кестеге сай емес.

Ал Ордабасы ауданындағы мектепке дейінгі ұйымдардағы мемлекеттік тапсырыстың орындалуына жүргізілген мониторингтік топ анықталған кемшіліктер бойынша акт түзген. Мәселен «Шымқорған» жекеменшік 250 орындық балабақшада төмендегідей кемшіліктер орын алған. СЭС рұқсаты бойынша бала және топ саны 250 болса, нақты бала саны 94. Ғимаратқа кедергісіз кіру пандусы мүлдем орнатылмаған. Ал дәл осы аудандағы «Хан Сұлтан» жекеменшік 200 орындық балабақшада нақты саны 85 бала ғана балабақшада болған. Ал Төлеби ауданында СЭС рұқсатымен 100 балаға шақталған «Достық-2» балабақшасында бақшаға келген бала саны 48 болса, 49 ата- аналардың өтініштері жоқ.

Бәйдібек ауданындағы «Тау-Асар» жекеменшік балабақшасы өрт сөндіру құрылғысымен толық жабдықталмаған. Пандус стандартқа сай емес. Жетісай ауданындағы 142 жекеменшік балабақшаға мониторингілеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу бойынша тізім ұсынылып, 6 балабақша Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бұйрықтарының негізінде жұмыстары уақытша тоқтатылды. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасарының айтуы бойынша аталған қағидалардың нормаларын бұзу фактілері анықталған кезде мектепке дейінгі ұйымдар Комиссия актісін алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде анықталған құқықбұзушылықтарды жояды және білім беруді басқару органына растайтын құжаттарын ұсынады.

Егер заңбұзушылықтар анықталған жағдайда арнайы құрылған комиссия құжаттарды құзырлы органдарға жолдайтын болады. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ресми сайтында бүгінгі күнге дейін балабақшаларға жүргізілген мониторинг нәтижелерін №381 бұйрығының 24 тармағына сәйкес кемшіліктер анықталған актілері дайын болған 14 ауданның балабақшаларының тізімі жолданды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *