«FESTLIFE İSTANBUL» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

208 ViewsТүркияның Ыстанбұл қаласында FestLife İstanbul Awards халықаралық көпжанрлы байқау-фестивалі өтті. Фестивальге Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Молдова елдерінен келген шығармашылық ұжымдар мен жеке жас орындаушылар, жалпы саны 500-ден астам өнерпаз қатысты. Ыстанбұл қаласының Бағжылар ауданындағы Мәдениет үйінде өткен іс-шара FestLife İstanbul байқауының ұйымдастырушылары, Бағжылар ауданының әкімдігі және Қазақкенттегі Алтай қазақтары қоғамының ұйымдастыруымен […]

Толығырақ

БАС ХАТШЫ СҰЛТАН РАЕВ СКОПЬЕДЕ

219 ViewsTÜRKСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев Солтүстік Македонияның Мәдениет және туризм министрі Седат Сүлейманиді жаңа қызметімен құттықтады. TÜRKСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев ресми сапармен Солтүстік Македонияда болып, елдің Мәдениет және туризм министрі қызметіне жаңадан тағайындалған Седат Сүлейманимен кездесті. Бас хатшы Сұлтан Раев Седат Сүлейманиді жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі. Кездесу барысында […]

Толығырақ

ОЙЫ ӨРНЕКТІ ӨРЕН

249 Viewsнемесе редакциядан кіріспе сөз Нұрдәулет Алекул университет қабырғасында жазу машығын енді игеріп бастаған балаң талапкер. Соған қарамастан өзіндік ойлау жүйесі, ұлттық құндылықтарды қастерлеу тұрғысындағы тебіреністері елең етерлік. Ұлтын, тілін сүю, әлеужеліге көзжұмбайлықпен қарамау хақындағы пікір-пайымдары көкейге қонады. Еш өзгертусіз жарияланып отырған болашақ журналистің тырнақалды үштаған туындысын оқи отырыңыздар, оқырман қауым.   ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАҒДЫРЫ […]

Толығырақ

ҚОС САЛАНЫҢ ҚАЙРАТКЕРІ

288 ViewsЖамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде жеті жыл тілші, аға тілші болып қызмет атқарып, 1984 жылы Қазақ теледидарының «Қазақстан» ақпараттық бағдарламасына редактор болып жұмысқа ауыстым. Ол кезде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптап кеткен телекомпаниялар жоқ, жалғыз ғана «Қазақ теледидары» бар болатын. Сол кездегі Қазақ ССР радио және теледидар комитетінде маңызды орын алатын «Қазақстан» ақпараттық бағдарламасының Бас […]

Толығырақ

ТҮРКИЯДА “ҰЛЫ КӨШТІҢ ІЗІМЕН” КІТАБІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

249 ViewsЫстанбұл қаласында “Ұлы көштің ізімен” атты кітабы Қазақ және Түрік тілдерінде баспадан шықты. Кітаптың авторы – Түркия қазақтарының арасында белгілі қоғам қайраткері Өмер Тейжі. Ол үлкен көш жетекшілерінің бірі Хусеин Тейжінің немересі. Өмер Мансұрұлы Тейжі Қазақ халқының тарихи жадын, көш тарихын және мәдени мұрасын сақтауда өзіне міндет еткен зерттеуші, көзі ашық көкірегі ояу, білімді […]

Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘСЕЛЕСІН КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСІРМЕЙІК, АҒАЙЫН!

284 ViewsКез келген мемлекеттің өсіп-өркендеуі мен мәдениетінің гүлденуі, ұлттық тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты екенін қоғамның өзі күнделікті өмірде көрсетіп те, дәлелдеп те жүр. Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері қазақ тілін дамытуға қатысты атқарылған шаруа да, тындырылған тірлік те аз емес. Көп нәтижелерге де қол жеткіздік! Ол жөнінде биік мінберлерден айтылды да. Бірақ […]

Толығырақ

БИЛЕР АЛЛЕЯСЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚҚА ҚОЙЫЛҒАН ТАҒЗЫМ

355 ViewsТүркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің Жоғары соттары төрағаларының Қазақстанға сапары 18-ші маусымда басталған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдердің Жоғары Соттары төрағаларын арнайы қабылдап, елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және құқықтық реформалар жөнінде айтып берді. Кездесуде заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ сот жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері […]

Толығырақ

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

293 ViewsАдам баласының пәнидегі ғұмыры – оның басып өткен соқпақтарымен немесе жасаған жасының мөлшерімен емес, артында қалдырған өнегелі ісімен, қоғамға сіңірген өлшеусіз еңбегімен бағаланса керек. Дана халқымыз «Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы» демекші, бірге жүріп, бірге қызмет еткен сырлас досым, кәсіби білікті дауагер Бәтеш Айтбайұлының басып өткен жолы – өскелең ұрпаққа нағыз ғибрат. […]

Толығырақ

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАҢА БЕЛЕС

334 ViewsТарихтың терең қатпарларына үңілсек, мемлекеттердің тағдырын өзгерткен шешімдер көбіне саяси бәсекеден емес, ұлттық жауапкершіліктен туғанын көреміз. Кейде қоғамның алға жылжуына қайшылық емес, келісім қызмет етеді. Кейде бөліну емес, бірігу дамудың жаңа мүмкіндігін ашады. Сондықтан да белгілі бір кезеңдерде қабылданатын саяси шешімдердің мәнін күнделікті оқиғалардың өлшемімен емес, уақыттың үлкен таразысымен бағалау қажет. Қазақстан саяси жүйесінде […]

Толығырақ

МҰСАТАЙ МЕН СӘКЕНТАЙ

331 ViewsМен үшін елуге енді иек артқанда мына жалған дүниеден озған талантты жазушы Мұса Рахманбердиевтің орны бөлек. Екеуміз жас кезімізде Жамбыл облыстық «Еңбек туында» бірге қызмет атқарып, арман қуып, Алматыға келіп едік. Қаламы қарымды досым «Қазақстан» баспасында, «Қазақ әдебиетінде» еңбек етіп, үлкен шығармашылық жолдан өтті. 1990 жылдардың басында «Қазақтелефильмнің» Бас директоры болды. Үш жинағы жарық […]

Толығырақ