HAWAII SHYMKENT ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ

Қоғам
1 754 Views

Үшінші мегаполисте Hawaii Shymkent демалыс аймағы ел игілігіне берілді. Маятас елдімекенінде Бадам су қоймасы маңынан орын тепкен нысанның ашылу рәсіміне қалаәкімінің орынбасары Данат Жумин, Халық қаhарманы Тоқтар Әубәкіров, ҚР Еңбегісіңген қайраткері Бекет Тұрғараев, Қазақстанның Құрметті журналисі БайдуллаҚонысбек, ҰҚК-нің генерал-лейтенанты Амангелді Шабдарбаев сияқты елге белгілі зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсімінде Данат Есболұлы демалыс аймағы қаланың туризмсаласының дамуына үлес қосып, бәсекелестік орта қалыптастыратынына сенімбілдірді. Қазақ елінің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкiров те ел игілігіне жұмысістей беруіне сәттілік тіледі.

– 2017 жылы эскиз-жобамызды қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы бірінші қолдады. Міне, осындай қолдаумен құрылысты аяқтап отырмыз. Басты мақсат – халық игілігі үшін жұмыс істеу. Бір айта кетерлігі, жанымызда Бадам су қоймасы бар. Ол қазір туризмге де жұмыс істеп тұр. Келешекте су қоймасы туризмнің орталығына айналар деген үміт бар. Болашақта қала әкімінің қолдауымен тағы да бірнеше жобаларды іске асыру ойда бар, – дейді жобаны іске асырушы Сенбай Сейсенов.

Жалпы құны 1 млрд. 250 млн. теңгелік жобаның құрылтайшысы – белгілі меценат Төкен Танаұлы. Аумағы 5,7 гектар кешенде бір мезетте 1500-2000 адам тыныға алады. Жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін Hawaii Shymkent аймағы отбасымен демалуға таптырмас орын. 3 бассейн, демалыс орындары, мейрамхана, конференц залы бар. Мұнда құрылыс кезінде 250 адам жұмыс істеген. Қазір 85 адам қызмет істеп жүр. Барлығы да осы ауылдың адамдары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *