Соңғы жаңалықтар

«АСТАНА» К ТОБЫНЫҢ КӨШІН БАСТАДЫ

1 194 ViewsФутболдан Еуропа лигасының топтық бәсекесінде сынға түсіп жүрген елордалық «Астана» клубы екінші турдың ойынын өз алаңында өткізді. Францияның Ренн қаласының осы аттас клубын қабылдаған олар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің 64 минутында жиырма жасар жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов баспен доп соғып есеп ашты. Жалпы, астаналықтардың стандарттық жағдайларды тиімді пайдаланып, «екінші қабатта» да шебер ойнауды […]

Толығырақ

«ОРДАБАСЫ» «ҚАЙРАТТЫ» ҚАПЫ ҚАЛДЫРДЫ

1 261 ViewsФутболдан Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін Шымкенттің «Ордабасы» клубының ойыны ала-құла болып тұр. Олар әсіресе үшінші айналымда бірсыдырғы өнер көрсете алмауда. Қызылордада «Қайсарға» 1:2 есебімен жол берді. Өз алаңында да онша жарытып ойнап жүрген жоқ. Оралдың «Ақжайығынан» 1:0 есебімен басым түскенде бір желпініп қалып едік. Артынша «Ақтөбемен» тең ойнады (0:0). Көш соңындағы Павлодардың «Ертісінен» 0:2 […]

Толығырақ

ҚАЗЫҒҰРТ ҚЫРАНЫНА ҚҰРМЕТ

2 931 ViewsҚарақола қалай Қарақозы атанған?     Жаужүрек жауынгер, Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Әбдәлиев – қасиетті Нұх Пайғамбардың кемесі қайырлаған Қазығұрт өңірінің тумасы. Сіргелі тайпасының ішіндегі Тутаңбалы руынан тарайды. Әкесі Әбдәлі Мұсабековтің әлеуметтік тегі – кедей-шаруа. Анасы Шыныкүл Суан Бағыстағы Тасқұл Жусанбаевтың әпкесі болатын. Ендеше, Қарақозы мен оның інісі Қарабек өздерінің даңқты жерлесі, қазақтан шыққан тұңғыш генерал, […]

Толығырақ

ҒИБРАТЫ МОЛ ДАСТАН

1 812 Views«Тәспінің Асыл тасындай, Жүректен шыққан жырларым. Бесінші үлкен парыздың, Ұғарсың оқып сырларын» , – деген өлең жолдарымен ашылған Оспан қажы Сүлейменұлының «Ұлық сапар әсерлері немесе риясыз құлшылық» атты кітабында мұсылманның бес парызының бірі – қажылыққа арнаған. Онда қажылыққа баруға ниет еткеннен бастап, үлкен және кіші қажылықтың орындалуы, ихрам кию және ихрам кезіндегі рұқсат етілген, […]

Толығырақ

СӨЗ МАРЖАНЫН ТІЗГЕН

2 603 ViewsКөрнекті этнограф-жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Алматы облысы және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иесі Жанат Ахмадидің «Тектілік тегеуріні» аталатын романын оқып шықтым. Шығармашылығы туралы ауызға ала кетерлік бір сөз – бұл автордың қай-қай жаңа романын оқыған сайын кешегі көшпенді заманның қазы-билеріне тән, жадымыздан шығып жоғалып бара жатқан бейнелі […]

Толығырақ

ҚАРАСАЙ БАТЫР: АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ

7 164 ViewsҚарасайдың әкесі – Алтынайды ел абыз деп атайды. Абыз дегені – көріпкел, айтқаны келген әулие деген сөз. Қарасай ірі денелі, орасан күш иесі, көзі шоқша жайнаған алғыр болып өсіпті. Ірілігі сонша бір өгіздің терісі екі аяғына етік тігіп беруге әзер жетеді екен. Қарасай он алтыға толғанда әкесі шақырып алып айтыпты: – Құдайға шүкір, алдыма […]

Толығырақ

ЖАЗУШЫ КІТАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

2 270 ViewsЖазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Нағашыбек Қапалбекұлының орыс тіліндегі «Таудан түскен тұман», «Кәшке батыр», қазақ тіліндегі «Суықтөбенің ұлары», сонымен қатар түрік тіліндегі «Құс қанаты» атты әңгімелер жинағы оқырманға жол тартты. Осыған орай Алматыдағы Ұлттық кітапханада жазушының шығармашылық жолына арналған «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Шараны М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, профессор Уәлихан Қалижан […]

Толығырақ

ТҮРКІ ЖӘНЕ МҰСЫЛМАН ӘЛЕМІН ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ БАСТАМА

2 033 ViewsНұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Облыстағы өнеркәсіп өндірісінің 60 пайызы Шымкентте шоғырланған. Шаһар еліміздегі жетекші сауда-өнеркәсіп және мәдениет ошақтарының бірі болып саналатынын білеміз. Қаланың осындай мүмкіндіктерін ескеріп, оған республикалық мәртебе беру жөнінде шешім қабылдадым. Ал облыс орталығы Түркістан қаласына көшіріледі. Жарылқасын ӘЗІРЕТБЕРГЕНОВ, Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы, «Парасат» орденінің иегері, Түркістан облысының құрметті азаматы: ЕЛБАСЫНЫҢ ЫҚЫЛАСЫ ТҮСКЕН […]

Толығырақ

РЕКТОРДЫҢ ЕСЕБІНЕ РИЗАШЫЛЫҚ

1 772 ViewsРЕКТОРДЫҢ ЕСЕБІНЕ РИЗАШЫЛЫҚ білдірген жиналған қауым Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың студенттердің әлеуметтік мәселесін шешуге терең мән беретініне тәнті болды Ректор сөзінің басында-ақ өткен жылы Елбасы қабылдауында болғанында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Мемлекет пен қоғамның береке-бірлігі, әл-ауқаты мен дамуы жетекші университеттердің сапасына тікелей қатысты», – деп қадау-қадау тапсырма бергенін […]

Толығырақ

«АСТАНАНЫҢ» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУІ МҮМКІН ЕДІ

1 575 ViewsФутболдан Еуропа лигасында сынға түсіп жүрген елордалық «Астана» клубы топтық бәсекедегі алғашқы ойынын Киевте өткізді. Украина астанасындағы «Олимпийский» стадионындағы кездесу тартысқа толы болды. 15 минутта Цыганков есеп ашты. Араға алты минут салып Аничич таразы басын теңестіріп үлгерді. Бірінші таймның соңына таман (45+2) Гармаш киевтіктерді тағы да алға шығарды. Ненад Эрич уысында ұстап тұрған допты […]

Толығырақ