Соңғы жаңалықтар

ШАРУАЛАР ЖЫЛЫНА ЕКІ РЕТ ӨНІМ АЛДЫ

833 ViewsТүркістан облысында «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Сарыағаш ауданында да бұл бағытта жүйелі жұмыс бар. Аудан әкімі М.Отаршиев Ынтымақ елді мекенінде орналасқан «Абдуназар» шаруа қожалығына қарасты жылыжай жұмысымен танысты. Шаруа қожалығының төрағасы Ш.Раймназаров өзінің иелігіндегі үй іргелік жер учаскесіне 0,22 га жылыжай тұрғызып, бүгінде мол табыс тауып отыр. Бірнеше […]

Толығырақ

ТӘУЛІГІНЕ 20 ТОННА СҮТ ӨҢДЕЙДІ

871 Views Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Сыр-Сарыағаш» ЖШС-нің цехына арнайы барып, жұмысымен танысты деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа кәсіптің түрін қолға алған жеке кәсіпкер Ерсейіт Буранбаев ірімшік (сыр) дайындау кезеңдерін айтып беріп, цехтағы құрал-жабдықтарды көрсетті. Аудан әкімі шағын кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты. – […]

Толығырақ

САРЫАҒАШТА ЖЫЛЫНА 5 МЫҢ ЖИҺАЗ ШЫҒАРЫЛАДЫ

847 Views Түркістан облысында шағын кәсіпкерлікке басымдық беріліп, қолдау күшейтіліп келеді. Сондай кәсіпорындардың бірі – Сарыағаш ауданында орналасқан. Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Қабланбек ауылдық округі, Cіргелі елді мекенінде орналасқан жеке кәсіпкер А.Утешевтің иелігіндегі жиһаз цехына арнайы барып, кәсіпорынның бүгінгі таңдағы жұмыс барысымен танысып шықты. – Ауданда кәсіпкерлік нысандарының саны күн санап артуы – бұл саланың қарқынды […]

Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ ӘКЕ ШАШТАРАЗ АШТЫ

1 060 ViewsЖалақыдан келесі жалақы алғанша ақшасын жеткізе алмай жүргеннен жеке кәсіп ашып, өзіңе өзің жұмыс істегенге не жетсін. Бүгінде елімізде қарапайым қызметкерліктен гөрі бизнес жүргізуге қызығушылық танытатындардың қатары көбейіп келеді. Дегенмен көпшіліктің бизнес ашуға ниеті болғанымен біліктіліктері мен қаржының жетіспеушілігі кедергі келтіріп жатады. Сондықтан, мамандардың айтуынша, ең алдымен жеке кәсіп ашу үшін идеяны пісіріп алу […]

Толығырақ

ҚОЛ МЕН ҚИЯЛДЫҢ ЕҢБЕГІ

1 073 ViewsТүркістан қаласының тұрғыны Гауһар Балабекова өзінің еңбекқорлығымен туған-туысқа, ауыл-аймаққа құрметті жан. Еңбекке ептілігінің, еңбекқорлығының, іздемпаздығының арқасында өз кәсібін ашып, отбасын асырауға атсалысып жүр. Он саусағынан өнері тамған келіншек биыл көптен ойында жүрген ісін жүзеге асырды. Қалалық жұмыспен қамту орталығы мамандарының көмегіне жүгініп, тиісті оқыту курсынан өтіп, мемлекет тарапынан бөлінген қайтарымсыз грантты ұтып алған азамат […]

Толығырақ

АВТОТІГІН ЦЕХЫН АШУ ОЙДА БАР

1 031 ViewsКез-келген адамның бизнесті бастамастан бұрын өзінің идеясы болуы қажет. Егер сіздің қандай да бір нақты идеяңыз болмаған жағдайда бизнесті бастамақ тұрмақ ол туралы айтудың да қажеті жоқ. Әрине идеяға келгенде біз мүлдем жаңа немесе сізге дейін адам баласының ойына кіріп-шықпаған бизнесті айтып тұрғанымыз жоқ. Бизнесті бастау үшін кез-келген идеяны алуға болады. Мейлі жайма базарда […]

Толығырақ

ЕШКІ СҮТІ ЕМГЕ БАЙ

1 173 ViewsТағы бір ерекше кәсіптің иесі – Гауһар Дәулетбаева. Кентаулық келіншек ешкі өсіреді. Сүті мен құрт-майын сатады. Қалғанын бала-шағасы ішеді. Бес баланың анасы үйде отырып та табыс табуға болатынын айтады. Дайын өнімді дүкенге өткізіп, әуре болмайды. Қажет адамдар үйінен келіп, алып кетеді. Гауһарда өткен жылы грантқа ие болып, оған 10 ешкі сатып алған. Биыл лағымен […]

Толығырақ

АТА КӘСІПТІ МЕҢГЕРГЕН АЗАМАТ

821 ViewsЕлімізде шағын-орта кәсіп иелеріне барынша қолдау көрсетіліп келеді. «Бизнес бастау» жобасымен мемлекеттен қайтарымсыз қаражат алғандар тұралап қалған кәсібін дөңгелетіп, ауылдастарын да жұмыспен қамтып отыр. Түркістан облысында жыл басынан бері 2765 азаматқа грант берілді. Ал кей тұрғындар төмен пайызбен несие алып, шағын цехтар ашып өнім шығаруды қолға алды. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы 2010 жылдан бастап […]

Толығырақ

«САУМАЛ ІШСЕҢ – САУЫҒАСЫҢ»

984 Views«Сары қымыз сүйегіңе сіңсе, сан ауруды кеседі» деп ата-бабамыз текке айтпаса керек. Бойдағы кеселді кетіретін сусын дертке дауа, денеге күш береді. Ал қазіргі таңда шипалы қымыз-қымыранға сұраныс өте жоғары. Отандастарымыз қымызды той-томалақта арақ-шараптың орнына ішуді, сауықтыру шараларына қолдануды жөн көреді. Міне, сондықтан да болар, шетелдік туристер де ұлттық мәдениетімізден ойып тұрып, орын алатын сусынға […]

Толығырақ

ТҮРКІСТАНДА «КӘСІПКЕРЛІК ҚЫРАНДАРЫ» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛҒАН

802 Views жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылды Шағын және орта бизнес – көптеген дамыған және алдыңғы қатарлы дамушы елдердің экономикасындағы жетекші сала. Экономикалық сарапшылардың түсіндіруі бойынша, бұл саланың өзгелерден 2 түрлі артықшылығы бар. Біріншіден, шағын кәсіп ашу үшін анау айтқандай ірі көлемде бастапқы капитал керек емес. Яғни, азын-аулақ инвестициямен немесе несие алу арқылы да […]

Толығырақ