«КЕРБЕЗДІ» КӨРУ КЕРЕК!

Өнер
1 468 Views

Шымкенттік Әсет Омартегі – ақын, аудармашы, сценарист, әуесқой актер. «Визион Медия» мектебінің жетекшісі. Бір топ талантты жастарды шешен сөйлеу, сахна өнері, тележурналистикаға баулып жүр.

Таяуда ол «Кербез» деп аталатын шағын сахналық пьеса жазды. Жас өнерпаздар соны Сәкен Сейфуллин атындағы Жастар ресурстары орталығында көрермендер назарына ұсынды. Онда негізінен ауыл өмірі суреттеледі. Қаладан ауылға келін болып түскен Шолпан (Венера, студент Айкерім Садырбай) қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен мақрұм болып шығады. Алайда, қайынатасы (Әсет Омартегі) мен көрші келіншек Әсияның (студент Арайлым Дәнеш) ақыл-кеңесінің арқасында шүлдіреген орысшасы да азайып, тәлім-тәрбиелі келін болып шығады. Күйеу жігіт Дәуреннің рөлін сомдаған (Маханбет Нұрдәулет) те әртістік қырынан таныла білді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *