МАМАНДЫҒЫМ –МАҚТАНЫШЫМ!

Білім
1 175 Views

5В050600 – «Экономика» мамандығының түлегі нарықтық экономика туралы теориялық терең білімі бар, қазіргі экономикалық талдау әдістерін, бизнес-жоспар құруды, басқаруда тиімді шешімдер қабылдауды, сонымен қатар күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жобаларды басқаруды, экономикалық үдерістерді болжауды және оңтайландыруды жоғары дәрежеде меңгерген маман.

Экономика және математикалық дайындықтың негіздерін білу, мемлекеттік тілді, сонымен қатар орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеру, қазіргі жаңа бағыттарға тез үйрену маман иесіне еңбек нарығындағы жаңа өзгерістерге тез икемденуіне ықпал етеді. Экономикалық білімін тереңдетіп білуі аз уақытты өз маманының кәсіпқой иесі болуын қамтамасыз етеді.

5В050600 – «Экономика» мамандығы бойынша түлектерге берілетін академиялық дәреже: «Экономика және бизнес бакалавры».

Маман даярлаудаң негізгі мақсаттары: заманауи нарықтық экономика туралы біліммен қамтамасыз ету, оның дамуының заңдылықтары мен үрдістерін түсіну; экономикалық талдаудың қазіргі әдістерін іс жүзінде қолдануға дағдыландыру; бизнес-жоспар құру, басқаруда тиімді шешімдер қабылдау және күрделілігі әртүрлі жобаларды басқару; экономикалық үдерістерді болжау және оңтайландыру.

Мамандық иесі экономикалық, стратегиялық, инвестициялық, ғылыми зерттеулермен айналысатын құрылымдарда, ірі компаниялар мен мекемелерде, мемлекеттік басқару органдары мен шағын және орта бизнес субьектілерінде қызмет атқара алады. Мамандықты меңгеру компаниялар мен корпорациялардың қаржылық мәселелерімен айналысуға; қорларды жоспарлауға; талдау жасауға, жобаларды инвестициялауға; компанияның экономикалық дамуы туралы мәселелермен айналысуға; есептер жүргізуге; компанияның, облыстың және мемлекеттің экономикалық саясатын құруға; компанияның жоғары экономикалық қызметтеріне араласуға; қазақстандық және әлемдік нарықтағы өзгерістерге болжау жасауға мүмкіндік береді.

Жоғары оқу орнында студент мамандық бойынша: кәсіпкерлік, кәсіпорын экономикасы, кәсіпорын қызметін жоспарлау, экономикалық талдау, халықаралық экономика, тағы басқа пәндерді оқыды.

«Экономика» мамандығы бойынша мамандарды дайындауға университеттің «Экономика және бизнес» кафедрасының 30-ға жуық профессор-оқытушылары қатысады.

Теориялық білімін бекітіп, жұмыстың тәжірибелік дағдыларын үйрену, сонымен қатар әдістемелердің іс жүзінде жүргізілуімен танысу үшін студенттер факультеттің филиалдары Алматы қаласында ұйымдастырылған өндірістік тәжірибеден өтеді.

Н. ЖАРМАХАНБЕТОВ,

«Silkway» Халықаралық университеті «Экономика және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *