Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы:«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЕКАРА БОЙЫНДА ЕШҚАНДАЙ ЖАУЫ ЖОҚ»

Ақорда
1 311 Views

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада өтіп жатқан Astana Club пленарлық отырысында Қазақстанның шет елдермен достық қарым-қатынасы жөнінде баяндады.

– Бүгінде Қазақстанның өз шекарасында ешқандай жауы жоқ. Бізде тұтас достық қарым-қатынас орнаған. Оның үлгісі – Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы. Қазақстан мен Қытай қатынасы да сенімге негізделген. Орталық Азия бойынша оңтүстік көршілермен де арамыз тату. Сондықтан, дәл осы жерге әлемдік дін көшбасшылары жинала алады. АӨСШК осында құрылды. Сирия шиеленісі бойынша келіссөздің 10-раунды да осында өтеді. Себебі олар Қазақстанға сенеді. Осының арқасында менің араласуыммен Ресей мен Түркия арасындағы өткір шиеленіс шешілді», — деді Тұңғыш Президент.

Елбасы Қазақстан Еуропалық одақпен, АҚШ-пен достық қарым-қатынаста, тіпті Солтүстік Кореямен де арада қарама-қайшылық жоқ екенін жеткізді.

– Мұндай бағыттағы даму Қазақстанның қалыпты дамуына және өз мәселелерін шешуіне мүмкіндік береді. Қазақстан ауқымды күрделі тарихтан шыққан жас мемлекет. Өз аяғымызға нық тұру үшін, өзіміз қалағандай мемлекет болу үшін әлі көп жыл қажет, – деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ Қазақстандағы биліктің ауысуы туралы пікірін білдірді.

– Билік транзиті туралы сұрақ жиі қойылып жүр. Менің мандатым 2020 жылдың соңында аяқталуы тиіс еді, бірақ мен осындай шешім қабылдадым. Неге? Оған не себеп болды? Ең алдымен, мен Президент лауазымын нағыз танымал шағымда қалдырдым. 2015 жылы сайлауда мен 96% дауыс жинадым. Менің кеткенім үшін халық қамыққанын білемін. Бірақ, бұл бірегей оқиға емес. Бір кездері Де Голль де лауазымынан бас тартқан, Ли Куан Ю, Махатхир мырзалар да өзі кеткен, – деді Елбасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *