C# БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ

Білім
3 332 Views

Қазіргі кезде компьютердің көмегімен əртүрлі есептерді шығаруға мүмкіндік беретін сан алуан бағдарламалау тілдері бар. Жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдерінің бірі – С# тілі. С# бағдарламалау тілі 1972 жылы Bell Laboratories фирмасының қызметкері Денис Ритчидің басшылығымен Америкада жасап шығарылды. С# тілі – құрылымы Паскаль тіліне ұқсас жоғарғы деңгейлі қуатты тіл. С# тілінің алфавиті : — латын алфавитінің бас жəне кіші əріптері (A – Z, a –z ). — 0 ден 9-ға дейінгі араб цифрлары. — Арнайы С#мволдар: “ ‘ . , {} | [ ] () + — * % \ ; : ? <=> _ ! & # ~ ^ Аралықпен бөлінбеген кейбір символдар комбинациясы бір символ ретінде қарастырылады. Оларға мыналар жатады: ++, ==, &&, ||, <>, >=, <=, +=, -=, *=, /=,* */, // Əріптен немесе _ (астын сызу) белгісінен басталған латын əріптерінің, цифр, _ белгілерінің тізбегі идентификатор болып табылады. С# тілінде сандық деректердің негізгі төрт типі бар. Int, char – бүтін сандар, Float, double – нақты сандар С# тілінде қарапайым бағдарлама құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады:

1. Бағдарламалау тақырыбы

2. Айнымалыларды С#паттау

3. Бағдарлама денесі

С# тілін («Си-шарп» деп айтылады, мұнда Бетховеннің «Ай сонатасындағы» музыкалық нотация — до-диез таңбасы (#) пайдаланылған; ағылшындар оны «си-шарп» деп оқиды) Microsoft компаниясының маманы Андерс Хейлзберг жаңа нысанға бағытталған бағдарламалау тілі ретінде С, C++, Java және BASIC тілдерінің негізінде жасап шығарған.

С # тілі Microsoft фирмасының .NET (дот-нет) архитектурасы үшін бағдарламалар жазуға арналған тілі. .NET – бағдарламалау технологиясындағы жаңа платформа, ол желіге қосылған компьютерлерге арналып жасалған.

NET көмегімен шағын мобильді компьютерлерде орындалатын бағдарламалар жазу ыңғайлы деп есептеледі. Бұл технология VisualStudio.NET деп аталады да, бұл ортада VisualBasic, басқарылатын С++ және С # тілдерінде бағдарламалар жасау қарастырылған. Ол осылармен ғана шектеліп қалмайды.

С # тілінің мүмкіндігі Java тілімен қатарлас, осы екі тіл қазіргі алдыңғы қатарлы технологияларға жатады. С# тілін сүйемелдейтін .NET платформасының бағдарлама жасау ортасы бастапқы бағдарламаны бірден машиналық кодқа емес, MicroSoftIntermediateLanguage (MSIL не IL) атты аралық тілге аударады. Ол ОЖ-дан, компьютер типінен тәуелсіз командалардан тұрады да бірден орындалмай, тілдің жалпы орындалу ортасы CommonLanguageRuntime – CLR деп аталатын жүйе арқылы атқарылады. Бағдарламаны орындау кезінде CLRJIT-компиляторын (justintime – дер кезінде) шақырады. Компилятор бағдарламаны бөліктерге бөле отырып, оның тек осы сәтте керек бөлігін ғана орындайды.

Компилятор жұмысы нәтижесінде құрастыру (сборка) деп аталатын ехе немесе dll типті файл жасалады, онда IL тіліндегі код пен метамәліметтер болады.

Метамәліметтер бағдарламада қолданылатын нысандар және құрастыру туралы ақпарат сақтайды. Ол тіларалық әрекеттесу, қауіпсіздік, сенімділік сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

NET платформасында көлемді кластар кітапханасы бар, оны осы ортадағы кез келген тілде пайдалана беруге болады.

C# тілі – нысанға бағытталған тіл, сондықтан оның бағдарламасы бір-бірімен өзара байланысқан кластардан тұрады. Бұл бағдарламада тек бір ғана класс бар, оған Class1 деп ат берілген, класс сипаттамасы class түйінді сөзінен басталады да аты жазылады. Сонан соң жүйелі жақша ішінде класс элементтері көрсетіледі.

С++ тіліндегі класстар көптеген операцияларды қолданушы типтердің нысандарымен жұмыс істейді және қайта жүктеу мүмкіншілігіне ие. Мұндай мүмкіндіктер нысан-кластар үшін болады. Класс нысанын құрған кезде ол үшін сәйкес келетін конструктор автоматты түрде шақырылады. Осындай кластарда қолданылатын бағдарламалар дұрыс жұмыс істейді.

Айдана БЕРДИБАЕВА,

Шымкент политехникалық колледжі бағдарламалау және ақпараттық жүйелер бөлімінің арнайы пән оқытушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *