АЙБЫНЫҢЫЗ АСҚАҚТАЙ БЕРСІН!

Құттықтаймыз
1 115 Views

Елге сыйлы, абыройы биік, әділдікті ту еткен замандасымыз Манас Әбуәліұлы Қалдыбаевты 70 жасқа толған мерейлі мерекесімен құттықтаймыз!

1952 жылдың 12 қаңтарында Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келгенМанас Әбуәліұлы 1976 жылы С.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің(қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) заң факультетінбітіреді. Бойында жастық жалыны бар жалындап тұрған жігіт еңбек жолын Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық прокуратурасында тергеуші болып бастады. Кәсібиміндетіне адал Мәкең ұзақ жылдар бойы құқық саласында тапжылмай қызмет етіп,нағыз майталман маманға айналды. 2004 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында еселі қызмет етті. Сол еңбегіне сай әріптестері ортасындабедел мен құрметке ие бола білді. Манас Әбуәліұлы болмысынан бір сөзді, кесекмінезді, кемел ойлы азамат.

2004-2012 жылдар аралығында Бәйдібек ауданы Әділет басқармасының басшысы қызметін атқарған Манас Әбуәліұлы бұл күнде Бәйдібек ауданының құрметті азаматы. Ал қазіргі таңда Түркістан облысының адвокаттар алқасында адвокат болып жұмыс істейтін Мәкең біліктілігі мен тәжірибесінің арқасында талай адамға жәрдемі тиді. Бір дәуірдің өмір тарихын бірге кешкен заман құрдасымыз, досымызға игі ниетімізді жеткізе отырып ғұмырын ұзақ, отбасың дін аман, ұрпақтарыңмен мың жасап, ортамызда емен-жарқын жүре беруге тілектестігімізді білдіреміз.

Құрметті Манас Әбуұлы! Сіз жетпістің жон арқасына айбынды абыроймен, ізгі ұрпағыңмен, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Біз сізді жан жүрегімізбен жарқылдай қуана құттықтай отырып, мерекелі мерейтой күні денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын!

Ізгі тілекпен

бір топ курстас достары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *