БОРТ №1 ӨЗ КҮШІНДЕ!

Билік
754 Views

Нұрсұлтан Назарбаев президент өкілеттігі кеткеннен кейін де пайдалануды жалғастырған 2007 жылғы Airbus 330-233 флагмандық ұшағы Тоқаевтың құзырына өткен сияқты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сейсенбі күні Анкараға ресми сапарында осыған дейін Елбасының құзырында болған ұшақпен барды.

Түсіндіре кетейік, Тоқаев билігінің басынан бастап 2013 жылы шығарылған «Airbus 321-211» ұшағымен ұшып жүрді. Ал «Airbus 330-233» бұл ұшақты 2010 жылдан бастап пайдалана бастаған Назарбаевқа бекітілген еді.

Бұл лайнердің бағасы 330 миллион долларға бағаланады. Мұндай тоқтаусыз ұзаққа самғайтын жоғары комплектациядағы ұшақ барлық елдің президентіне бұйырмаған. Мысалы, Германия канцлері құны 220 миллион доллар тұратын ұшақпен ұшады.

Айтпақшы, Назарбаев соңғы рет 2021 жылдың 27 желтоқсанында «AirBus А330 ұшағымен» Санкт-Петербургте өткен ТМД басшыларының саммитіне барған. Содан бері ұшақ қаңтарылып тұрды. Одан бері арада қаңтар оқиғасы болды. Енді Елбасының мәртебесі туралы мәселе терең қозғалып жатыр. Сол арада борт №1-нің Тоқаевтың тақымына тиюі… биліктің толық бетбұрысы деуге болатындай.

Н. ЕРҒАРА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *