ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ

Тұлға
4 446 Views

Жиырмасыншы ғасыр таңғажайып ғасыр, тарих үшін қызықты, ал замандас үшін қасірет ғасыры

* * *

Адам айнасы — адам.

* * *

Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.

* * *

Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру.

* * *

Ақиқаттан аттап кету – арға сын.

* * *

Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

* * *

Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.

* * *

Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.

* * *

Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті.

* * *

Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын. Адамгершілік деген асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмір өзегі осы, азаматтық жолы да осы

* * *

Сенім — құдіретті күш: тауды да қозғайды.

* * *

Баршаңызға бақыт тілеймін. Мына жүйке жұқартқандай қиын-қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе көтертер күш-қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін. Бәрі бір күнгідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен қарайық. Ақжарылқап күндер алдымызда!

* * *

Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте

* * *

Орынды сын ойлантпай қоймайды

* * *

Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.

* * *

Жалада шындық болмайды.

* * *

Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.

* * *

Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *