ЕКІ ВЛАДИМИРДІҢ ШАЙҚАСЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Саясат
343 Views

Әлем назары тағы да Ресей мен Украинада. Ақпанның соңғы бейсенбісінде Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста арнайы операцияжүргізетінін айтты. «Донбастағы республикалардың басшылары Ресейден көмексұрады. Осыған байланысты мен арнайы операция жүргізу керек деген шешімқабылдадым», – деді Владимир Путин телеүндеуінде.

Мұның алдында өзін республика ретінде жариялаған Луганскхалық республикасының басшысы Леонид Пасечник, сондай-ақ Донецк халықреспубликасының басшысы Денис Пушилин Ресей президентінен өз республикаларыныңтәуелсіздігін мойындауын сұраған болатын. Сәйкесінше, Ресей ДХР және ЛХРтәуелсіздігін мойындады және бүкіл әлемнің көзінше – онлайн түрде тікелей эфирде осыны растайтын құжатқа қол қойды. Олармен достық, ынтымақтастық жәнекөмек көрсету туралы келісімдер жасады.

Бұл жағдай Батыс елдерінің «қытығына» тиді. Олар заматтаүн қатты: Ресей әп-сәтте санкция құрсауында қалды. Бүкіл Батыс Ресейді айыптапжатыр. НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг мұны Украинаның мемлекеттіктұтастығын және Минск келісімдерін бұзатынын айтады. Еурокомиссия президентіУрсула фон дер Ляйен мен Еурокеңестің басшысы Шарль Мишель де мұны құптамады.Молдавия, Финляндия, Болгария, Грузия, Бельгия, Чехия, Австралия, Польша, Данияелдерінің президенттері де осы ұстанымда. Франция, Германия ә дегеннен снакциясаламыз деп қыр көрсетті. Жапония, Австралия мен Канада Ресей, оған қоса ДХРмен ЛХР-ға ел аумағына кіруге және қандай да бір қаржылай операциялар жүргізуге тиым салды. Бірақ ресми Мәскеу қандай жағдайға болмасын дайын екенін білдірді.

Иә, Донбастағы жағдай соңғы күндері тым қатты шиеленісіп кетті. ДХР мен ЛХР украиналық қауіпсіздік күштері тарапынан көп рет оқ атылғанын мәлімдеді. Екі өзін-өзі жариялаған республика басшылары Украинаның басып кіру қаупіне байланысты азаматтарды Ростов облысына эвакуациялайтынын хабарлады. Өйткені Украина президенті Владимир Зеленский жақын арада әскерилерге Донбаста шабуылға көшуге, Луганск және Донецк халық республикаларына басып кіру жоспарын жүзеге асыруға бұйрық берді.

Ресей де қарап қалған жоқ. В. Путин Украинадан Донбастағы шайқастарды дереу тоқтатуды талап етті. Әйтпесе «қырғын жалғасқан жағдайдатөгілуі мүмкін адам қаны» Киевтің мойнында болатынын атап өтті. Сонымен қатарқауіпсіздікті сақтау туралы ұсынысқа Батыс сындарлы жауап қатпаса, Мәскеу«жауап беруге» толық құқылы екенін ескертті. Шиеленіс қарулы қақтығысқа айналыпбара жатыр…

Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның Киевтегі елшілігі қазақстандықтарды эвакуациялайды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады. Сонымен қатар, ведомство Сыртқы істер министрлігінде азаматтар хабарласуы үшін «жедел желі» нөмірі (+7 (7172) 72-06-06) іске қосылғанын мәлім етті.

«Украина шығысында жағдайдың шиеленісуіне жәнеҚазақстанмен әуе қатынасының тоқтауына байланысты қазіргі таңда жер үсті көліктерімен Отанға қайтару жолдары пысықталып жатыр. Львов қаласына дейін өзбетінше жету үшін тиімді бағытты таңдауға кеңес береміз», — делінгенҚазақстанның Украинадағы елшілігінің хабарламасында. Сондай-ақ Қазақстанның әуекомпанияларына Украинаның үстінен ұшуға тыйым салынды.

Қаңтар қақтығысы кезінде Қазақстанға ҰҚШҰ әскерлері кіргізілгені есімізде. Осылай Отанымызды опасыздардың отқа орауынан сақтап қалдық. Ал енді іргедегі екі ел арасындағы жағдайға Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерлері – ҰҚШҰ араласа ма? Жоғарғы палата төрағасы Мәулен Әшімбаев ҰҚШҰ бұл шайқасқа жұмылдырылмайды деді. Дегенмен БҰҰ мандатына сай және басқа да құжаттарға сәйкес Қазақстан ҰҚШҰ елдерінен тыс аумаққа өз бітімгерлерін жіберуі мүмкін екен.

Айтпақшы, Ресейге салынған санкциялар Қазақстанға әсер етпей қалған жоқ. Сол күннің ертеңіне-ақ қор биржасындағы доллар құны 465 теңгеге дейін күрт көтеріліп кетті. Ресей рубльінің 1 долларына 85-ке дейінгі рекордтық құлдырауы қатысты теңге осылай бірден құнсызданып сала берді. Бұл жағдайдың алдын алу үшін 33 миллион доллар көлемінде интервенция да жасалды. Бірақ ол теңге құнына әсер ете алмады. Қаржы сарапшылары теңге әлі де құнсыздануы мүмкін деген ойда. Тіпті доллар бағамы 550-ге дейін көтеріледі деген де желсөз бар. Қысқасы, көрші елдегі ахуал Қазақстанға қай жағынан болса да әсер етпей қалмайтыны анық.

…Әлем әліптің артын бағып, Батыс ішін тартып, бүкіл ел екі Владимирдің шайқасына көз тігіп отыр. Соңы қайырлы болғай…

Зерек ДҮЙСЕМБЕКОВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *