ЕЛ АҒАСЫ АНАРБЕК ОРМАН 70 ЖАСТА!

Мерей
772 Views

Есімі Оңтүстік жұртшылығына ғана емес, тұтас елімізге белгілі қоғам қайраткері, меценат, «Құрмет», «Парасат», «Достық» ордендерінің иегері Анарбек Оңғарұлы Орман ағамызды асқаралы алпыстың ауылын есендікпен қалдырып, қазыналы 70 жасқа толған мерейлі күнімен құттықтаймыз!

Анарбек Оңғарбекұлының 70 жылдығына орай «Өз жайымды өзім айтсам деп едім…» атты мемуар кітабы жарық көрді. Кітап мазмұныңда балалық бал дәурен кезінен Әнекеңнің есею, азамат болу, елге қызмет ету жолдары өзініңқалам тербеуімен баяндалады. Ол өзінің осы төл туындысында замандастарыменсырласқандай, ой бөліскендей ішкі иірімдерін байқадық. Кітаптың тұсаукесеріне республикаға, облыс жұртшылығына белгілі қаламгерлер, БАҚ өкілдері жәнемәдениет, өнер қайраткерлері жиналып, ыстық лебізін білдірді.

Құрметті Анарбек аға, жаңа жасыңыздың тек жақсылығын көріп, талай жылдар бойы еліңіз үшін еткен еңбегіңіздің алғысын алып аман-есен ортамызда жүре беріңіз деп тілек айтамыз. «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» демекші, Өзбекстанның Ташкент облысы, Піскент ауданындағы Ақтөбе ауылында дүниеге келсе де атамекенге келіп, азамат ретінде атқа қонған ағамыздың қазіргі Түркістан облысы мен Шымкенттің дамуы үшін жасаған еңбегі ешбір өлшем бірлікпен өлшенбек емес. Тұлға болудың, қайталанбас болмысқа ие болудың және еңбекқорлықтың тамаша үлгісін көрсеткен абзал ағамыздың денсаулығы мықты, отбасы аман болсын.

Тәуелсіз Қазақ елінің дамуы жолында қалдырған дара жолыңызды жалғайтын жастарымыз көп болғай. Ердің есімін көтеріп жүрер елі барда оның аты да, хаты да қайта-қайта айтыла бермек. Таулардың алыптығын алыстаған сайын сезінетін інілеріңіз және Оңтүстік халқы – сізді, Анарбек аға сексеннің сеңгірінде, тоқсанның шыңында көргісі келетіні анық.

Әрдайым енсеңіз биік болсын, Ел ағасы!

«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ұжымы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *