ЖОЛДАУ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

Қоғам
700 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылғы2 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі» атты өзінің алғашқы Жолдауында сот саласынақатысты жайттарды да назардан тыс қалдырмаған. Аталмыш сала қызметкерлерінежаңа міндеттер жүктеген. Президентіміз, осы отыз жылға жуық уақыт бұрынхалқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, қазіргі уақытта бізге Тәуелсіздіктіңжемістерін еселеп, егемен еліміздің дамуын жаңа сапалы кезеңіне шығарумүмкіндігі беріліп, оған біз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізуарқылы жол жеткізіп отырғанымыз байыпты түрде баяндалған. Азаматтардың барлықсындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету сот және құқық қорғаужүйесіндегі күрделі реформалар азаматтардың құқықтарын қорғаудың және олардыңқауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы, – деген болатын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұл Жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жататынына айрықша мән берілген. Сондықтан, осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажеттігі айтылды.

Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық, тағы басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажеттігі сөз болды. Әрине, мұның бәрі балалар мен жасөспірімдерге қатысты жасалатын қылмыстардың едеуір қысқартылуына әкеп соқтырары анық.

Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осындай жағымсыз жағдаяттарға қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керектігі тілге тиек етілді. Сондай-ақ заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалаған жөн. Ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ. Кінәсіздік презумпциясы қағидаты толық көлемде сақталуы тиістігі тілге тиек етілді.

Осы Жолдаудағы мақсаттары орындау үшін сот жүйесі қазіргі таңда оны жүзеге асыру жолында тиісті жұмыстар жүргізуде. Қазіргі таңда сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Судьялардың заңды және ішкі сенімі басшылыққа алынып, шешім шығару құқығы жариялылық сипатқа ие болуда. Сот шешімдерін мұқият талдау жұмысы және бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру жолға қойылып келеді.

Мемлекет басшысының Жолдауымен жан-жақты танысып, талқылаған Шымкент қаласындағы біздің Абай аудандық сотының судьялары оны қалың жұртшылық арасында кеңінен насихаттау жұмыстарына да белсене атсалысуда. Осы орайда аудан көлеміндегі мекеме, ұйым, кәсіпорындар мен білім ошақтарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеміз. Әйел азаматтарға қатысты «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн», тағы іс-шаралар ұйымдастырып, нәзікжандыларға қолдан келгенше қолғабыс жасаудамыз. Кәмелет жасына толмаған тәрбиесі қиын балаларға қатаң бақылау жасаудамыз. Ондай балалардың үйлеріне барып, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Әрине, мұның бәрі тұрғын халықтың сот саласының қызметкерлеріне деген сенімін арттырып, жұмыс сапасының жақсаруына оң ықпалын тигізуде.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2019 жылғы 11 айдағы жұмысына талдау жасадық. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, азаматтық істер бойынша түзілген мәлімет бойынша 2018 жылда сотқа келіп түскен талап арыздардың саны – 8276-ке жеткен. Соның ішінде 7528 іс қаралған, 4794-іне шешім шыққан. 1814-і сот бұйрығымен, 179-ына медиация тәртібімен, партисипативтік — 3, татуласу келісім бойынша — 26 іс тоқтатылған.

Ал, 2019 жылдың 11 айына сотқа келіп түскен арыздардың саны – 8177-ге жетіп отыр. Соның ішінде 7121 іс қаралған, 4548-іне шешім шыққан. 1247-сі – сот бұйрығымен, 395-і медиация тәртібімен, партисипативтік– 5, татуласу келісім бойынша – 29 іс тоқтатылған, яғни 99 іске азайған. Бұл дегеніміз – бүгінгі таңда сотқа дейін көп істер өзара бітімгершілік жолымен, медиация тәртібімен, ал некені бұзу туралы отбасы істері сотқа дайындық жүргізу кезеңінде ерлі-зайыптылардың татуласу нәтижесінде істер тоқтатылуда деген сөз. Сондай-ақ, сотқа келген азаматтарымыздың талаптары бойынша сот процесстері ашық, жариялы түрде, шығарылған сот актілері жөнінде сот отырысы аяқталған соң судья шығарылған шешімі бойынша және сот шешімімен келіспеген жағдайда оны тиісті заң талаптарына сай апелляциялық шағым беру тәртібін қысқаша түсіндіреді. Жалпы сапасы жөнінде мәліметті тек қана жыл аяқталған соң толық айтуға болады.

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының бұл Жолдауы егемен еліміздің барша азаматтары секілді сот саласының қызметкерлеріне де үлкен жауапкершілік жүктеп отырғанын жан жүрегімізбен сезінудеміз. Сол үшін де құқықтық білімімізді жетілдіре отырып, жұмыс сапасын барынша арттыруға талпынудамыз. Ал мұндай ізденісті еңбектің қашанда жемісті болары сөзсіз.

Эльмира ҚАЛЫМБЕТОВА,

Шымкент қаласы

Абай аудандық сотының судьясы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *