ЖЫЛЫШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУ

Білім Қоғам
224 Views

Л. Н. Гумилеватындағы Еуразия ұлттық универсиетінің Ғылыми кітапханасында «Сапалы ұлт: білім, ғылым және мәдениет» тақырыбында елімізге белгілі филолог ғалымдардың студенттер мен рухани-мәдени кездесуі болып өтті.

Қызықты басқосуды ЕҰУ-нің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Серік Мақыш кіріспе сөзбен ашып, ғылым қайраткерлерімен, тұлғалармен жүздесу оқу ордасында дәстүрге айналғанын, бүгінгі басқосу да солардың жалғасы екендігіне тоқталды. Ғылыми кітапхана директоры Бақытжан Оразалиев іс-шараны жүргізіп отырды.

Басқосу қонақтары арасында отандық ғылымның белді өкілдері ҚР ҰҒА академигі Уәлихан Қалижан, ф.ғ.д., профессор Тұрсын Жұртбай, ҚРҰҒА академигі Кәрімбек Құрманәлиев, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Амантай Шәріп болды.

Кездесуде ғалымдар Мемлекет басшысы айқындаған сапалы ұлт болудың алғы шарттары хақында, білім мен ғылымның қоғам дамуындағы рөлі, қазіргі жағдайы және ұлттық мәдениеттің бірегейлігі төңірегінде ой толғады. Кешпердесін ашқан Тұрсағам – Тұрсын Жұртбай сонау Абай заманынан бастап сөзмаржандарын төгіп, өмірлік және көркемдік шындық туралы тебірене толғанса, Уәлихан ағам – Қалижан жастарды жіпсіз байлап, баурап алып, «Кетік алма» эссесін мөлдірете оқыды. Қос академик – Кәрімбек Құрманалиев пен Дихан Қамзабекұлының сапалы білім мен телегей технология, ғылым ғаламаты хақындағыжүрекжарды тебіреністерін студенттер ынтызарлықпен тыңдаса, профессор Амантай Шәріптің ұстазды қастерлеу, білім тереңіне бойлап, мақсаткерлікті қару ету туралы, Абайдың ұлы Абдрахманға айтқан жаңа мен ескінің күресіне қатысты ойнақыштары көп көңілінен шықты.

Сонымен бірге кездесу аясында TURKSOY халықаралық ұйымының атаулы медальдары: Мұхтар Әуезов медалі – Тұрсын Жұртбай, Уәлихан Қалижан, Дихан Қамзабекұлына, Низами медалі – Амантай Шәріпке табысталса, осыдан бірнеше күн бұрын академик Кәрімбек Құрманалиевке осы ұйымның Басхатшысы Сұлтан Раев Ахмет Байтұрсынұлы медалін тапсырғаны хабарланды.

Басқосу соңында студенттер осында келген ғалым ағаларымен жеке кездесулер өткізуге ұсыныстарын айтып жатты.

Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН,

Қазақстанның Бас редакторлар клубының 1-ші вице-президенті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *