СОЛТҮСТІККЕ ҚАЗАҚ МҰҒАЛІМДЕРІ АУАДАЙ ҚАЖЕТ

Білім Қоғам
1 115 Views

Жұмыссыздық, баспананыңжоқтығы қазақ үшін үлкен мәселелердің бірі. Екі қолға бір күрек таппай, отбасынқалай асыраймын деп жүрген азаматтар үшін мемлекет жақсы мүмкіндіктер беріп отыр. Нақты айтсақ, Солтүстікке қоныс аудару арқылы өзіңізге жұмыс та табасыз,баспаналы боласыз, әрі құлазып, бос жатқан Солтүстік өңірдің еңбек нарығына оң үлесіңізді қоса аласыз.

Қазақтың әрбір мекені өз жеріміз. Бұл орайда, қоныс аударушының әрбірінде патриоттық сезім болса, барған өлкесін түлетіп, сол мекенге тастай батып, судай сіңеді. Бұл жолы мақаламызғаосындай өз мекенім деп барып, сол өңірге қоныстанып, шәкіртке білім-тәрбие беруде озық үлгі көрсетіп жүрген азаматтарды арқау етпекпіз.

Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылында тұрған Аяулым Серікбаева отағасыменөзара ақылдасып, Солтүстікке қоныс аударды. Ол Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның Булаево ауылына көшіп барды. Көпбалалы, жас отбасына осы мекеннен баспана берілді.

Солтүстік өңірде, әсіресе, мұғалімдер тапшы. Оңтүстіктен көшіп барған отбасылар балаларын қазақ мектебіне бергісі келеді. Ал бұл нәрсе Солтүстіктегі өзекті мәселелердің бірі – өңірде бала саны жетпеуі себепті қазақ мектептері жабылу алдында тұрғанын сондағы жерлестердің желідегі жазбаларынан оқып-біліп отырмыз. Бала саны жеткілікті болса, қазақ мектебі ашылады. Сондықтан Солтүстікке қоныс аударған жерлестер қазақ мектебінің есігіне құлып салынбауы үшін де үлкен көмек екені түсінікті. Олай болмаса, яғни бала саны жетпесе қаракөздеріміз амалдың жоқтығынан орыс мектебінде оқуға мәжбүр.

Міне, қазағы да, қоныстанған халқы да тығыз Оңтүстік өңірінен еліміздің Солтүстігіне бет түзеген көш иелерінің мойнында қазақы ғұрыпты қалыптастыру, қазақ тілді мектепті сақтап қалу, өңірдің топырағы құнарлы жерін егін шаруашылығына айналдыру, жер емген жанның қазаны бос, қамбасы тақыр болмайтынын іс жүзінде көрсету сынды күнделікті күйбең тірліктің әрекетімен астасқан аса жауапты жүк тұр.

Қазақ мектебін ашып, тіліміздің өрісінің кеңеюіне, сол өңірдің қазақылануына үлес қосып жүрген ұлтжанды азамат, азаматшаларымызды мақтан тұтамыз. Солардың бірі де бірегейі бүгінгі кейіпкеріміз – Аяулым.

Солтүстікке орнығып, берекелі тіршілік кешіп жатқан отбасы. Өзі мектепке химия-биология пәнінен мұғалім болып орналасты. Ол мұғалім тапшы өңірде кадр тапшылығының орнын толтырған мамандардың бірі. Жолдасы да музыка және еңбек пәнінен сабақ береді. Бұл отбасы бүгінде мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, жеке шаруашылықтарын да тәп-тәуір жүргізіп отыр. Баспаналары да бар.

Істің көзін тапқан деп осындай жандарды айтса жарасады: Аяулым Серікбаева отағасы екеуі мемлекеттен қайтарымсыз грант есебінде алған қаражатқа 4 жылқы, 20 бас қой, 15 шақты сиыр сатып алыпты. Бүгінде малдарын бордақылап, етке өткізіп тұрады. Бұл да болса көпбалалы отбасыға берекелі кіріс көзі болып, балалары да аузы аққа тиіп, кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Көпбалалы отбасы мұнымен тоқтап қалмақ емес, олардың келешекке құрған жоспарлары көп-ақ.

«Жасыратыны жоқ, алғашқыда туған жерімізді сағынып, кері қайтқымыз келді. Жылы өңірге үйренген жандармыз. Бұл жақта суық. Содан ба, табиғатын да, климатын да тосырқадық. Оңтүстікте күн жылынып, жер әлем жасылға боялып жатқанда мұнда әлі от жағып, үй жылытып жатамыз. Бірақ уақыт өте келе оған да үйрендік. Салқын ауа райына да көндігіп кеттік.

Қазір, шүкір, ісіміз алға басып келеді. Тұрақты жұмысымыз бар, айналысатын шаруаларымыз да жеткілікті. Еңбек еткен адамға адал нан мен несібе табылады ғой, соған қуаныштымыз. Балаларымыз мектепке орналасты, сыныптастарына бауыр басып та қалды. Сөйтіп алғашқыдай емес, елге қайтқымыз келмей қалды.

Бізде патриоттық рух та бар. «Бұл да қазақтың жері, иесіз қалдырмауымыз керек деген», – дейді кейіпкеріміз ағынан жарылып.

Нұржамал Солтүстікке қоныс аудару тиімді жоба екенін айтады. Ол әсіресе баспаналы болып, кәсіп бастағысы келетін көпбалалы отбасылар үшін бұл үлкен мүмкіндік екеніне сенімді.

«Мәселен, өз әулетімізден мысал келтірейін, екі отбасы бір шаңырақта отыр. Тұрақты жұмыстары жоқ, баспаналары да жоқ. Олармен салыстырғанда біздің жолымыз болды, мемлекет қолдауымен көшімізді түзеп, кәсібімізді дөңгелетіп отырмыз. Сондықтан екіойлы, жүрексініп отырған отбасылар болса, еш ойланбастан мүмкіндікті пайдалануға кеңес берер едім», — дейді.

Айта кетейік, 5 жыл ішінде – 2017-2021 жылдараралығындаТүркістан облысының 1700 отбасы Қазақстанның Солтүстігі мен Шығысына қоныс аударған. «2017 жылдан бастап 2020 жылдың сәуіріне дейін 35 АЕК қолдаукөрсетілсе көшіп келуге, 2021 жылғы 1 сәуірден бастап әр адамның басына 70 АЕКқолдау көрсетіліп жатыр. Бұл дегеніміз 204 190 теңге. Яғни, бір үйде 5 адамболатын болса, ол кісілер миллионнан астам қаражат алады көшіп келуге», — дейдімамандар бұл туралы.

«Еңбек» бағдарламасы аясында көші-қон Солтүстікке көшуге бел буған отбасы бір жыл бойы баспанамен тегін қамтылады. Қала берді оларға берілетін қолдау құны да көтерілген. Айта кетейік, қоныс аударуға ниетті отбасының бір мүшесі мамандық иесі болуы міндетті. Әсіресе педагогикалық мамандық иелері үшін үлкен мүмкіндік – Солтүстік облыстарда қазақ тілі мен әдебиеті, физика, химия және дене шынықтыру мұғалімдерінің ауадай қажет екен. Яғни оларда жұмысқа орналасу жөнінен қиындық болмайды деген сөз. Сонымен бірге, Солтүстік өңірдің ауылды елдімекендеріне көшіп барған Оңтүстік азаматтарына жер телімдері конкурссыз берілуі мүмкін.

Тағы бір айта кетерлігі, Оңтүстіктен Солтүстікке көшкен азаматтардың бизнес-идеясы болса, олар «Бизнес-Бастау» жобасы арқылы оқытылады.Егер «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкер туралы оң пікір білдірсе,оған 5 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беру мүмкіндіктеріқарастырылуда.

Үлкен мүмкіндік! Нұржамал Тамбетова айтқандай, қазақтың жері байтақ қана емес, баршамызға ортақ. Құнарлы жерді игеріп, мамандық бойынша жұмысқа орналасып, ыңғайлы баспана алып, тиімді кәсіп жүргізу үшін бұдан басқа қандай қолдау қажет?! Ендеше, тәуекел ет, Оңтүстіктегі ағайын!

Айгүл ЖАНДІЛЛАҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *