ТҮРІКТАНУ – ТҮРКІТАНУ ЕМЕС, ТҮРІКСТАН – ТҮРКІСТАН ЕМЕС

Руханият Қоғам
1 198 Views

Отарлаушы елдің отарланған елдің халқын байырғы халықтық қасиетінен ажыратып, оларды қалың тобырға айналдыру мақсатында: тарихи жадын біртіндепөшіріп, өткенін ұмыттыруға; дәстүрі мен дінінен алыстатып, ұрпағынрухсыздандырып, жаппай мәңгүрттендіруге; елін бөлшектеп, мемлекетсіздендіруге;ұлттық тұтастығынан айырып, ұлтсыздандыруға; сол арқылы жерін біржола иеленіп,байлығын барынша қамтып қалуға бағытталған жұлмыр саясатын жүзеге асыруғабарынша күш салатыны – ақбас тарих талай рет әр қырынан дәлелдеген шындық.Осындай саясаттың зардабын бірнеше ғасыр бойы басынан өткерген халықтардыңтартқан тауқыметі жантүршігерліктей, тіпті, айтудың өзі жүрекке салмақ. Сондайсұрапыл азап өткелінен өткен халықтардың бірі – қазіргі қазақ халқы. Бұл реттеосы халықтың 260 жылға созылған бодандықта тартқан азабының бәрін тізбелеп,талдап таратпай-ақ, тек өткен ХХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы кешегі Қызылимперияның әдейі қолдан ұйымдастырған аштықтың салдарынан ел аман, жұрт тыныш,бейбіт заманда бүкіл халықтың үштен екісінің қырғын тапқанын айтсақ та,айтылғанның әсіресөз еместігін жете сезіну қиын емес. Сондай-ақ олардың мұныменде тынбай, осындай қасіретті қиын шақта есеңгіреген елге ес кіргізіп,бағыт-бағдар көрсетіп, жолбасшы болар есті азаматтарын жаппай қудалап, атқанынатып, аман қалғанын топтап түрмелер мен лагерлерге тоғытуы да сол бір жебірсаясаттың қаншалықты зұлымдықпен жүзеге асырылғанын айқындай түссе керек. Өнбойы осындай сұмдықтарға толы ұзақ уақытқа созылған бірыңғай басыбайлы бодандықтәуелді ел халқының бойына немқұрайдылық дертін дарытып, ақырында олардыңұлттық рухын өшіріп, өз болмысына деген сүйіспеншілігін кемітіп жібереді екен.Басқаны қойып, санаға салмақ түсіріп, ұлттық намысқа тиетін шетін мәселелердіңөзіне немқұрайды қарап, селт ете бермейді екен. Мұны тәуелсіздік алып, өзтағдырымызды өзіміз шешетін мүмкіндікке ие болғаннан бергі өткен ширек ғасырданастам уақыт ішіндегі кейбір тірлігімізден күнде көріп те жүрміз. «Еті өліпкеткен» көнбістік қалып танытып, кейде өзге жұрттың өзіміз жайлы не айтып, нежазса, соны мақұл көріп, ойсыз қайталай беретініміз – соның зардапты салдары.«Бұл қалай?» деп ойласу жоқ. Бұл ретте айтылғанға айғақ үшін көп келеңсіздіктікөзінен тізіп, шұбыртып жатпай-ақ қазіргі таңда республика жұртшылығыныңынта-ықыласын өзіне аударып отырған, жаңадан ашылған облысымыздың атауына ғанабайланысты ой бөліскенді жөн көрдік.Жұртқа ұғынықты болу үшін айтпағымызғабірден көшпей, әріден қайырып, ежіктей баяндауға мәжбүрміз. Бұған алдын алакешірім сұраймыз.

ХІ ғасырда Рим папасының шақыруымен «киелі жерді азат ету» үндеуіне үн қосқан Батыс Еуропа мемлекеттерінің біріккен қалың қолы мұсылмандарға қарсы әйгілі «Крест жорығын» бастап, алғашқы кезде біршама жеңістерге жетіп, Иерусалимді алғанымен, одан көп ұзамай айырылып қалғаны да содан кейінгі бірнеше рет қайталанған жорықтарының бәрінде де күйрей жеңіліп, түк бітіре алмағаны да тарихтан баршаға белгілі. Міне, исламға қарсы аттанған осы «Крест жорығының» бетін қайтарып, оларды жеңілістен жеңіліске ұшыратқан мұсылмандарыңыз араб жұрты емес, сол кезде қуатты мемлекет құрып үлгерген селжүктер мен кейінгі Осман империясының негізін қаласқан оғыздың ру-тайпалары және Мысырды билеп тұрған қыпшақ-мамлюктер еді. Бұлардың бәрі де түріктер болатын. Кезең-кезеңімен қайталанған «Крест жорықтарының» (ұзын саны – сегіз) бәрінде де күйрей жеңіліп, масқара болған батысеуропалықтар бері келе ғылыми-техникалық деңгейі жағынан ілгерлеп алға шығып, тарих жазу мүмкіндігіне ие болғаннан кейін түріктерде кеткен ежелгі өшін алу мақсатында олардың атын тарихтан өшіруге кірісті. Сол үшін тарихқа «көшкінші» (номад, «кочевник») деген термин кіргізіп, оны «түрік» атауының баламасына айналдырдып жіберді. Ғылымда өз үстемдігін жүргізген еуроцентрист ғалымдар көшкіншілерді мейлінше жабайы, тағы етіп көрсетуге күш салды. Сөйтіп түрік аты ХХ ғасырдың басына дейін дәстүрлі ресми тарихта аталмай, «моңғолтектес» деген атаудың аясында күн кешті. Тек дат ғалымы, Копенгаген университетінің профессоры, салыстырмалы тіл ғылымының маманы Вильгельм Томсен (1842 – 1927 жылдар.) Орхон дариясының жағасынан табылған, бұған дейін қай халықтың мұрасы екені беймәлім болып келген тасқа қашалған көне жазудың кілтін тауып, сол жаңалығын ғылыми ортаға мәлім еткеннен кейін ғана (1893 жылдың 25 қараша күні) әлем жұртшылығы Шығыста далалық империя деңгейіндегі іргелі ірі мемлекет құрған «Түрік» деп аталатын халықтың болғанын және олардың сол заманда-ақ өзіндік биік өркениетке қол жеткізген елге айналғанын білді. Осыдан кейін ғана тарих ғылымында: «Түрік халықтары VI ғасырда Алтайда пайда болған» деген тұжырым жасалынып, әлем тарихына: «түрік халқы», «түрік мемлекеті», «түрік жазуы», «түрік өркениеті» деген жаңа ұғымдар енгізілді. Бірақ «бұған дейін ешқандай деректе аты аталмаған, заманында теңдессіз далалық алып империя құрған, ерекше өркениетті «Түрік» атты бұл халық VI ғасырда қайдан пайда болды, көктен түсті ме, жерден өніп шықты ма? Жергілікті жұрттан ба, жоқ басқа жақтан ауып келгендер ме?» деген тәріздес мәселелерге жауап берілмеді. Түрік халықтарының тарихы осыдан басталып, олардың бұған дейінгі ежелгі бастау тарихы зерттеусіз, назардан тыс қалды. Еуропа ғылымымен ауызданған кешегі кеңес тарихшылары да түріктерді еуропалық ұғымдағы «көшкіншілер» деп танып, оларды «жабайы», «тағы», «қиратушылар» етіп көрсетуге барынша ұмтылып бақты. Сол «жабайылардың» мекенінен келіп, Константинопольді жаулап алып, өздерінің империясын құрған түріктерді «киелі жерден» қалайда қуып шығуды мақсат еткен христиан мемлекеттерінің бірнеше ғасыр бойы түрлі құйтұрқы айла-тәсілдер жасап, күпінің битіндей жабылғанымен, түріктердің Жауынгерлік Өр Рухын сындыра алмағанын білетін кеңес идеологтары КСРО құрамындағы түріктектес халықтардың өзара бірігіп, күш алып кетуінен өлердей қорықты. Соған орай кеңес өкіметі орнаған алғашқы жылдарынан бастап «пантүркизмге» қарсы күрес жүргізіп, жазалау науқанын ұйымдастырды. Түріктектес халықтардың бауырлас туыстығын білдіретін ортақ құндылықтарды түрлі жолмен жойып бақты. Оларды бір-бірінен алшақтатып, өзара түсіністіктерін шектеу үшін орыстың тіл мамандарына арнайы тапсырма беріп, түрік халықтарының әрқайсысына арнап жеке-жеке әліпбиін жасатты. Соның салдарынан олар бір-бірінің ауызша айтқанын түсінгенімен, жазғанын ұға алмайтын күйге жетті. Ортақ бір түріктану ғылымын іштей ыдыратып, «Алтаистика» деген оқшау отау тікті. Түріктектес халықтардың әрқайсысына еншіленген «Әзербайжан түркологиясы», «Қазақ түркологиясы» тәріздес «түріктану ошақтары» пайда болды. Жұлмыр саясат мұнымен де шектелмеді. Енді олар бүкіл түріктектес халықтарды туыстық бір арнаға біріктіретін тұтастықтың түпқазығы – «Түрік» деген аттың өзін бөлшектеуге кірісті. 1926 жылы Әзербайжан астанасы – Бакуде түріктанушылардың арнайы конферциясын ұйымдастырып, онда түрік емес, басқа халықтардың өкілдеріне арнайы тапсырмамен баяндама жасатып, өзгелерін зорлықпен көндіріп, бір Түрік атауын бүкіл түріктектестердің басын біріктіретін киелі қарашаңырақтық қасиетінен айырып, үшке бөліп тынды. Сөйтіп осыдан кейін кеңестік тіл ғылымында османлылықтарды: орысша «турок», Кеңес Одағы құрамындағы түріктектестерді: «тюрки», Түрік қағанатын құрғандарды: «тюркют» деп атау басталды. Қазақтың тіл мамандары осының турогын – «түрік», тюркиін – «түркі», тюркютін – «көктүрік» деп аударып, ғылымға енгізді. Осыдан бастап түрік түрін өзгертіп «түркіге» айналды. Қазір мектеп оқушысынан бастап академиктерге дейін түрік демей, «түркі» деп жазады (айтады). Ең ғажабы, мұның бәрі «қайдан білейік» деп бас шайқарлықтай, есте жоқ ескі заманда, болмаса орта ғасырда болған дүние емес, күні кеше бәріміздің аталарымыз көзімен көріп, куәгері болған жайлар ғой. Ендеше осылардың бәрін, яғни кешегі қызылдардың түптегіміздің бірлігін ұмыттыру үшін әдейі тіл ғылымының заңдылығын бұзып, жалпыға ортақ киелі ұғымның мәнін жойып, бір атауды бірнеше сөзге бөлшектеген қастандығын көріп, біле отырып, немқұрайдылық қасалынып, бір қазақ халқының ғана емес, бүкіл түріктектес халықтардың киелі бесігі – Түрікстанды тәуелсіз ел болып, өз тізігінімізді өз қолымызға алғанымызға ширек ғасырдан асса да сол баяғы құлдық сана мен халықты «түркі», мекенін «Түркістан» деп жазуымыз (айтуымыз) қандай білімділікке, қандай біліктілікке жатпақ, ойлаңыздаршы!

Бұл жарық дүниенің дидарында «Түркі» деген халық жоқ, бұрын-соңды болған да емес. Бұл халықтың аты – ТҮРІК! Сондықтан да ол басқа түріктектестердің әрқайсысының елдік атаулары: «Түркіменстан», «Тәжікстан», «Қырғызстан», «Өзбекстан», «Қазақстан» деп аталып, жазылатыны секілді «Түрікстан» болып жазылуға тиіс, осылай жазылуы керек!. Кез келген атау сөз – белгілі бір ұғымның нақты аты, төлқұжаты. «Кім?» «не?» деген сұраққа жауап береді. «Түркі» – атау сөз ретінде алғанда бұл талапқа жауап бермей, тіл заңдылығын бұзып тұр. Сондықтан «түркі» (түрік+і) бұл күйінде атаулық мағынасынан, тұлғалылығынан айырылып, басқа атау сөздің анықтауышына айналады. (Мысалы, Түркі шежіресі – «түріктің шежіресі», қазақы бала – «қазақтың баласы», қалмақы ер – «қалмақтың ері» деген сияқты) «кімнің?» деген сұраққа жауап береді.

Жалпы жаңа облыстың ашылуы өсіп-өнгендіктің, көбейіп, ірге кеңейткендіктің белгісі, халықтық ортақ қуаныш. Мұның үстіне Түркістанның жеке облыс болуының ерекше мәні бар. Түрікстан – ежелден бүкіл түріктектес халықтардың Ортақ Отаны, киелі мекені, қасиетті төрі, құт қонған Қара Шаңырағы. Бүгінгі түріктектестердің бәрінің түпкі ата-бабалары осында өркен жайып, әлемнің әр тарабына осы арадан өріс ұзартқан. Сондықтан да ол – Түрікстан, басқа стан емес! Сондықтан да ендігі жерде қалыптасқан дағдымен «көз үйреніп, құлаққа сіңісті болып кетті ғой, «түркі» дей берейік, онда тұрған не бар?» деген немқұрайдылықты қою керек. Ұлттық сезімге түрпідей тиетін түркіні қызылдардың өзіне қалдырып, түптегіміз Түрікті қайыра қалпына келтіріп, дұрыс атау – бәріміздің ортақ парызымыз деп білеміз. Алаштың ардақтысы ақын Мағжан Жұмабаев: «Түрікстан – Ер Түріктің бесігі ғой» дегенді бекер айтпаған. Сол бесікке сіңген Ер Түріктің (түркінің емес) Өр Рухы барын ұмытпайық, ағайын! Бұған «Арғы атам Ер Түрік, біз – Қазақ баласы» деген алаш ұранын қосыңыз!

Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫ,

ғалым, жазушы,

Мемлекеттік сыйлықтың иегері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *