ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАР ӘЛІ ДЕ АУЫР БОЛЫП ТҰР

Ақорда Экономика
562 Views

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының Жалпыдебаттарында «Болашаққа сенім – өмірге төзімділікті күшейту: COVID-19-данкейінгі қайта жаңғыру, орнықты қалыпқа келу, әлем қажеттіліктерінқанағаттандыру, адам құқықтарын құрметтеу және Біріккен Ұлттар Ұйымыныңқызметін жандандыру» тақырыбында сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде әлем бетпе-бет келіп отырған үш бірдей сын-қатерге назар аудартты. Олар: COVID-19 пандемиясынан кейін қайта қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай.

– Экономикалық және әлеуметтік салдары әлі де ауыр болыптұр. Жұмыссыздық белең алып, миллиондаған адам күн көріс табысынан айырылды. Қазіргі таңда 130 миллионнан астам адам кедейлікке тап болып отыр. Дамусаласындағы ілгерілеуге кеткен талай жылдар құрдымға кетуі мүмкін. Пандемиякөптеген салаларда осал тұстарымызды айғақтап, мультилатерализм мен халықаралықынтымақтастықтың аса маңызды екенін анық көрсетті. Біз барынша әділ, орнықтыәрі гуманистік әлем қалыптастыруға міндеттіміз. Вакцинаға қолжетімділіктіңжалпыға ортақ әрі әділ қағидасын қамтамасыз етуден бастау қажет. Бұл мәселенішешуде жаһандық этика мен ниеттестікті басшылыққа алған жөн, – дедіҚасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өңірлік саясаты «Үлкен ойындағы» «нөлдік нәтиже» саясаты мен құқық күштінің жағында қағидатынбіртіндеп шынайы ынтымақтастыққа және Азияның кіндігінде өмір сүретін халықтарүшін Зор Пайдаға ауыстыруға бағытталғанын мәлімдеді.

– Бұл әлемдік қоғамдастықтың Қазақстанмен және Орталық Азиямен белсенді ықпалдастық орнатуына мүмкіндік туғызады. Біз «С5+» форматында өңірден тыс жерлердегі негізгі елдермен аймақтық диалог орнатуға үлкен үміт артамыз. Осындай серіктестік қатынастар аясында су тапшылығын, оның сапасының бұзылуын және тиімсіз пайдаланылуын қамтитын су ресурстарына байланысты проблемаларға баса мән береміз. Өңіріміздегі су қауіпсіздігі энергетикаға, азық-түлік пен қоршаған ортаға тікелей байланысты. Өзге мемлекеттердің түрлі мүддесіне қарамастан, Қазақстан ортақ мақсатқа қол жеткізуге бағытталған стратегияларды үйлестіру үшін бұрынғыша өңірлік су-гидроэнергетикалық консорциум құруды ұсынады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент өркениеттердің еуразиялық тоғысында орналасқан Қазақстан бұрынғыдай тепе-тең, сындарлы сыртқы саясат ұстанатынын атап көрсетті.

Akorda.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *