ҚЫЗМЕТІМІЗДІ МІНСІЗ АТҚАРУДАМЫЗ

Қоғам Құқық
789 Views

Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Шымкент қаласындағы ИЧ-167/3 мекемесіне жаңадан келген азаматтардың бәрі алдымен толық медициналық тексеруден өткізіледі. Сөйтіп, салмағы мен бойы өлшеніп, анализдері алынады, ФГ-диагностика, тері-венерологиялық ауруларға қатысы бар-жоқтығы анықталады. Тексеру қорытындысы 15 тәулік ішінде сарапталып, жасақтарға жіберіледі. Анықталған аурулар диспансерлік «Д» есепке алынып, ем көрсетіліп, қатаң қадағаланады, сараптаудан өткізіледі. Биыл 253 адам флюрографиялық тексеруден, он адам рентгендік тексеруден, тағы он адам қақырық анализін тексеруден өткізілді. Нәтижесінде, өкпе құрты (туберкулез) ауруына шалдыққандар анықталған жоқ. 55 адам станционарлық ем қабылдады.

Біздегі терапевт дәрігері созылмалы ауруларды диспансерлік есепке алып, бақылап отырады. Фтизиатр дәрігер ІІ-ГДУ бойынша екі науқасты диспансерлік есепке тіркеген. Психиатр дәрігері жүйке ауруларымен зардап шегетіндерге қолынан келген көмегін аямайды. Маскүнемдікпен, нашақорлықпен емдеу тағайындалғандарды да арнайы бақылауға алып, ем көрсетіп, оларды уақтылы есептен шығарып отырамыз. Бүгінде сот қаулысы негізінде екі азамат сондай есептен шығарылған. 315 азаматтан ВИЧ-ке қарсы қан анализдері алынды. Сегіз азамат диспансерлік есепте тұрады. Алты азамат АРТ (антиретровирусты терапия) есепке тіркелген.Соның ішінде алғаш анықталғандары жоқ.

Мекемеге жаңадан келген азаматтар осындағы емдеу бөлімі қызметкерлерінің тіркеуімен Шымкент қалалық №2 емхананың ХТР базасына толығымен тіркеледі. 58 азаматқа жергілікті емхана тарапынан кеңес берілді. Он азамат қалалық емханаларда толық тексеруден өткізілді. Біз аталмыш емхана ұжымымен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты республикалық мамандандырылған арнаулы емханаларға сегіз азамат емдеуге жіберілді. Әзірге өндірістік жарақат пен өлім-жітім жағдайы тіркелген жоқ.

Мекеменің медицина бөлімінде психиатр дәрігері Белла Шумовская, фтизиатор А.Исмаилова, фельдшер Ж.Қошқаров, медаға А.Сәрсенбаев, АИТВ инфекциясына жауапты медбике Р.Тұңғышбаева, медбике А.Сламова, клиникалық зертханашы Э.Мекембаева қашанда өздерінің міндетіне асқан жауапкершілікпен қарап, оны мінсіз атқаруға әрекеттенеді. Бізде рентген, флюрография, электрокардиограмма, клиникалық анализатор аппараттары жүйелі жұмыс істейді. Мұның бәрі сайып келгенде, мекемемізде медициналық қызметтің жоғары сапада орындалып, жазасын өтеуші азаматтардың денсаулығын жақсартуға оң ықпал етуде.

Ерман ҚУАТОВ,

ҚР ІІМ Шымкент қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/3 мекемесі медицина бөлімінің бастығы, әділет капитаны.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *