ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Мерей Құттықтаймыз
943 Views

Белгіліжазушы, Республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің редакция алқасының төрағасы Нағашыбек Қапалбекұлына жуырда Алматы облысы Қарасай ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

Ол елуден астам кітаптың авторы. Қарасай батыр жайлы зерттеулер, мақала, пьеса жазды. Сондай-ақ, Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі, Саяділ, Нұрила және де басқа ақындар, шапырашты Наурызбай, Сұраншы, Саурық, Бекболат Әшекеев, ақ тулы Сіргелі Жабай сияқты батырлар, әз Төле би, Балуан Шолақ, Мақыш балуан, Сарыбай би Айдосұлы, Құртқа тәуіп секілді тарихи тұлғалар жайлы жазып, жарыққа шығарып келеді. Н. Қапалбекұлының жазған пьесасы бойынша «Қарасай батыр» спектаклі сахналанып, аудан жұртшылығына көрсетілді.

С. ӘШІМОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *